RU
Қырғыз-өзбек шекарасында мыңдаған адам кептеліп қалды (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Қырғыз-өзбек шекарасында мыңдаған адам кептеліп қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның Өзбекстанмен шекарасындағы «Достук» кеден бекетінде тағы кезек пайда болды деп хабарлайды Азаттыққа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қырғызстанның Өзбекстанмен шекарасындағы "Достук" бекетіндегі халық. Фото: Азаттық

Қырғызстанның Өзбекстанмен шекарасындағы "Достук" бекетіндегі халық. Фото: Азаттық

Азаттықтың Қырғыз редакциясы тілшісінің есептеуінше, бекетте бір жарым мыңға тарта адам шекарадан өтуге кезекте тұр. Шекарашылар егде кісілер мен аяғы ауыр әйелдерді кезексіз өткізіп жатыр.

Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметі Өзбекстанмен шекарадағы кезек екі ел арасында сауда-саттық көлемі артқандықтан көбейгенін айтады.

«Қырғызстан мен Өзбекстан жағында бірдей кезек бар. Ара-тұра, негізінен таңертең және түс уақытында, базар болатын кезде осындай адам мен көлік қарасы көбейеді», - деді шекара қызметі.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір