RU
Талдықорғанда балабақшадан қайтқан 4 жасар қызды ит талап тастаған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Талдықорғанда балабақшадан қайтқан 4 жасар қызды ит талап тастаған

Рассказать Вконтакте

Талдықорған қаласында балабақшадан қайтып келе жатқан 4 жастағы балаға ит тап берген деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Талдықорғанда балабақшадан қайтқан 4 жасар баланы ит талап тастады (видео)

Талдықорғанда балабақшадан қайтқан 4 жасар баланы ит талап тастады (видео)

«9 сыныпта оқитын ұлым қарындасын балабақшадан алып келе жатқанда көшедегі ит 4 жастағы қызыма тап берген.

Абырой болғанда өтіп бара жатқан адамдар бірден баламды иттен арашалап, көмек көрсетіп, итті байлап тастады. Әйтеуір, куртканың қалыңдығынан бала жараланбаған. Бірақ қатты шошынып қалған.

Қол-аяғы дірілдеп, өңі қашып кеткен. Ветеринарияға қоңырау шалып едім, әлі хабар жоқ. Тек полицейлер келіп, иттің иесін анықтаймыз деді», - дейді талдықорғандық Шынар Серікқалиқызы.

Шынардың айтуынша, оқыс оқиға бүгін Талдықорғанда Балпық би мен Дарабоз ана көшесінің қиылысында болған. Қатты шошынған бала мен ана далаға шығудан үрейленіп отыр.

Сіздің реакцияңыз
0
5
3
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel