RU
Атырауда мұнай зауытының күзетшілері шетелдіктермен төбелесіп қалған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Атырауда мұнай зауытының күзетшілері шетелдіктермен төбелесіп қалған

Рассказать Вконтакте

27ақпан күні Атырау мұнай өңдеу зауытында қытайлық жұмысшылар мен күзет қызметкерлерінің арасында төбелес шықты деп хабарлайды ЖШС-ның қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Атырау

Түстен кейін қытайлық қосалқы мердігердің қызметкерлері зауыттан оларды мерзімінен бұрын босатуды сұраған. Күзетшілер болса ішкі тәртіпті алға тартып, өтініштерін орындауды бас тартыпты.

Сол сәтте қытайлық қызметкерлердің бірі күзеттің әрекетін видеоға түсіре бастайды. Ал күзетшілер зауыт аумағында видео түсіруге тыйым салған.

Мұның аяғы жаппай төбелеске ұласып, қатардағы басқа жұмысшылар да дуласып кеткен. Зауыттың ішкі қауіпсіздік қызметкерлері қақтығысты 7 минуттың ішінде тоқтатыпты.

Белгілі болғандай, бұл жағдай бейбіт жолмен шешілген. Компания басшылығы жұмыс уақытын ретке келтірмекші.

Сіздің реакцияңыз
1
2
4
2
2
15
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel