RU
Атышулы Собчак қарсыласы Жириновскийдің бетіне су шашып жіберді (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Атышулы Собчак қарсыласы Жириновскийдің бетіне су шашып жіберді (видео)

Рассказать Вконтакте

Ресей Федерациясы президентіне үміткер Ксения Собчак "Россия 1" арнасының эфирінде ресейлік либералды-демократиялық партияның көшбасшысы Владимир Жириновскийдің үстіне су шашып жіберді деп хабарлайды NUR.KZ.

Атышулы Собчак қарсыласы Жириновскийдің бетіне су шашып жіберді (видео)

Атышулы Собчак қарсыласы Жириновскийдің бетіне су шашып жіберді (видео)

Саясаткерлер арасындағы кикілжің Ресей президенті лауазымына үміткерлердің бірі Сергей Бабурин сөйлеп жатқанда орын алды.

Жириновский Бабуринмен жағаласып, оған бөлінген уақытты текке құртқан. Собчак оны тыныштандыруға шақырғанда, РЛДП жетекшісі Ксенияны «ақымақ» деп атады.

"Арзан қыздарды көшеден алып келіп, кіргізуге болмайды. Мұның бәрі лас нәрсе. "Дом-2" — барып тұрған азғындық. Аузын жапсын", — деді Жириновский.

""Дома-2" қатысушылары сізге қарағанда өздерін сыпайы ұстайды", — деп жауап берді Собчак.

Жириновский тиісуін қоймаған соң Собчак саясаткердің үстіне су шашып жібереді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
30
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel