RU
Алматыда 21 жастағы жігіт өзін перзентханада тастап кеткен анасын жанұшыра іздеп жүр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда 21 жастағы жігіт өзін перзентханада тастап кеткен анасын жанұшыра іздеп жүр (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда №1 балалар үйінде өскен Нұрсұлтан Нұрқасымов анасының аялы алақанын сезінуге әлі үмітті. 21 жастағы жас жігіт жақындарымды тапсам қателіктері үшін сөкпеймін, керісінше көмек көрсетуге даярмын деп уәде берді деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматыда 21 жастағы жігіт өзін перзентханада тастап кеткен анасын жанұшыра іздеп жүр (фото)

21 жастағы Нұрсұлтан. Кадр 31 арнадан алынды
Source: UGC

Арнаның хабарлауынша, еліміздегі бюрократиялық жүйе «анаммен қауышамын» деген Нұрсұлтанның ниетіне қол байлау болып отыр екен.

Кезінде перзентханада жалғыз қалған Нұрсұлтан қазір 21 жаста. Ол\ Алматыдағы жоғарғы оқу орындарының бірінде психолог мамандығын игеріп, қосымша жұмыс та істеп жүр. Ол пәтер алушылар кезегінде тұр, келесі жылы пәтерлі болудан үмітті. Алайда кеудесі толған шер. Арманы - анасымен танысып, оған балалық махаббаты мен қамқорлығын сыйлау.

"Анамды хочу что бы она, как сказать... что бы мені көрді, мені таныды. Қиын жағдай болып жатса да, мен оның бәріне дайынмын, көмектесуге де, бәріне", - дейді ол.

Әлеуметтік педагогтардың көмегімен Нұрсұлтан өзі дүниеге келген перзентханадан анықтама алған. Онда анасының аты-жөні, туған жылы мен күні көрсетіліпті. Алайда бұл атпен елімізде тіркелген бір де бір адам табылмапты. Мүмкін аты қате жазылып кеткен болар деп, перзентханаға қайта айналып барғанда, бас дәрігер бас тарту жөніндегі өтініш, қабылдау актісі сияқты құжаттарды дәрігерлік құпия деп көрсетпей қойған көрінеді.

"13 наурызда 1997 жылы Алматы қаласы бойынша №2 перзентханада босанған аналар, Нұрсұлтанның анасымен бірге жатқан аналар болса, Нұрсұлтанға хабарласып, анасының жалған атпен түскенін, сырын білетін аналар болса, Нұрсұлтанға хабарласып, бір көмек ұштарын берсе екен деп ойлаймын", - дейді әлеуметтік педагог Жадыра.

Бала кезінен бастап анасының мейірімін аңсаған Нұрсұлтан оны іздеп, телевизиялық бағдарламаларға да қатысқанын айтады. Алайда ол да нәтижесіз. Сонда да жігіт үмітін үзбейді. Тек ресми органдар қолымнан қақпаса, қолдан тосқауыл жасамаса екен деген тілегі бар.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
15
4
13
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel