Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал әншіден ажырасып кеткен жазушы отбасы туралы бар шындықты жайып салды

Опубликовано:

Танымал қазақ жазушысы Дидар Амантай бұрынғы әйелі, әнші Гүлбаршын Тергеубековаға қатысты шындықтың бетін ашты. Ол өзінің Facebook парақшасында тосын мәлімдеме жасады деп хабарлайды NUR.KZ.

Танымал әншіге үйленген қазақ жазушысы отбасы туралы бар шындықты жайып салды
Танымал әншіге үйленген қазақ жазушысы отбасы туралы бар шындықты жайып салды: UGC

Оның айтуынша, Гүлбаршын Тергеубекованың "Бақытты әйел" бағдарламасына берген сұқбаты шындыққа жанаспайды. Мәселен, әнші Дидар Амантаймен оның қызғанышы себеп болып, ажырасып кеткенін айтқан болатын. Мұны естіген Дидар мырза онымен некелесуі тіптен ойдан құрастырылған нәрсе деп айтып салды.

"Тілшіден менің жұбайым Гүлмирадан пікір алуды сұраймын. Ол нағыз шындықты айтып береді. 2017 жылдың 24 наурызындағы некенің өтірік екенін, баланың тағдыры туралы, Гүлбаршын ойлап тапқан аңыз жөнінде, мен Астана мен Семейде тұрғанда, ал ол Алматыда тұрған кездегі отбасылық өмір жайында. Менің ойымша, ол тіптен отбасылық өмір үшін жаратылған әйел емес.
Бізде ешқашан отбасы болған емес. Бірақ мен оған табыс пен бақыт тілеймін. Оның бұған дейінгі бақыты мен үшін арзан болмады. Онымен өтірік некеге отырып, мен оның ары мен ұятын қорғап қалдым. Ол мен туралы жалған ақпарат таратпағанда, мен туралы жағымсыз пікірлер қалыптастырмағанда мен ешқашан шындықты айтпас едім. Ол біздің құпияны өзі ашып қойды. Мұнымен қоймай, оның тарапынан менің шаңырағы шайқалып, қазір өз орнына келген отбасыма қатысты да, жеке өзіме де түрлі қоқан-лоққы келіп түсіп жатыр", - деп жазды ол.

Еске салсақ, бұған дейін әнші Гүлбаршын Тергеубекова жазушы күйеуімен неліктен ажырасып кеткенін айтқан болатын. Ол көзіне жас алып, Дидар Амантайдың қызғаншақ болғанын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1719367-tanymal-nsiden-azyrasyp-ketken-zazusy-otbasy-turaly-bar-syndykty-zajyp-saldy/

pixel