RU

Шымкенттік жастардың Алғыс айту күніндегі әрекеті жұртты сүйсіндірді (видео)

Шымкенттік бір топ жастар 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай әлеуметтік ролик түсірді.

Роликте олар қала көшелерінде жүріп, қиынға толы маман иелеріне рахметтерін жаудырып, құшақтай түседі.

Алғысқа бөленген маман иелерінің қатарында қала көшелерін тазалаушылардан бастап қоғамдық автобус жүргізушілері, құрылыс мамандары, тәртіп сақшылары мен дәрігерлерге дейін бар.

Жастар қауымы Алғыс айту күнінде қаланың қарапайым тұрғындарына да алғыс айтуды ұмытпады.

"Рақмет" деген жылы сөзді естіген тұрғындардың көңілдері марқайып қалды.

Бұл ролик әлеуметтік желіде кеңінен тарап, елдің жүрегін елжіретті.

Айта кетейік, көктемінің алғашқы күнінде Қазақстан халқы Алғыс айту күнін атап өтіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1719369-symkenttik-zastardy-algys-ajtu-knindegi-reketi-zrtty-sjsindirdi-video.html