RU
Жартылай жалаңаш тәрбиеші: Қаскелеңде оқушының әкесі сұмдық жайттың бетін ашты
Жаңалықтар Қоғам

Жартылай жалаңаш тәрбиеші: Қаскелеңде оқушының әкесі сұмдық жайттың бетін ашты

Рассказать Вконтакте

Қаскелең қаласындағы ақыл-есі бұзылған балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат оқушысының әкесі ұлын бір бөлмеге қамап қойып, өзі жартылай жалаңаш төсекте жатқан күйінде тауып алған деп хабарлайды BNews.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жартылай жалаңаш тәрбиеші: Қаскелеңде оқушының әкесі тәрбиешіге қатысты сұмдық жайттың басын ашты

Жартылай жалаңаш тәрбиеші: Қаскелеңде оқушының әкесі тәрбиешіге қатысты сұмдық жайттың басын ашты

Басылымның жазуынша, бұл жайт туралы оқушының әкесі Instagram парақшасында жазған.

Қатты ашуланған әкенің айтуынша, оның баласы қорқып қалған. Ол кеудесін жалаңаштаған тәрбиешінің жанында интернатқа қатысы жоқ тағы бір әйел болғанын айтып отыр. Алайда оның арызын полиция қабылдамай қойыпты.

Ол көп бөгелместен, Қарасай аудандық ІІБ-на арыз жазып, тәрбиешілерді кәмелетке толмаған ұлына азғындық әрекет жасады деп айыптаған. Алайда полиция тәрбиешілердің бұл әрекетінде ешқандай қылмыстық құрам жоқ дегенді айтқан.

"24.02.2018 жылы сағат 18:20-да мен Қаскелең қаласындағы ақыл-есі бұзылған балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатқа ұлыма келдім. 2007 жылы туған ұлым сол мектепте білім алады. Жатақханаға кіріп, мен ұлымды таппай іздей бастадым. Әр бөлменің есігін ашып көрдім. №6 бөлменің есігін ашып қалып, қатты қорқып қалған ұлым отырғанын, оның жанында кереуетте кеудесінен беліне дейін жалаңаштаған тәрбиеші жатқанын көрді. Әйелдің есімі - Бақыт. Олардың жанында интернатқа еш қатысы жоқ тағы бір әйел болды", - деп жазған оқушының әкесі.

Оның айтуынша, әкесін көргенде ұлы жылап жіберіп, оған қарай жүгірген.

"Мені құшақтап алған балам, қоймай жылай бастады. Ал ұлымның құрдастары бұл кезде дәлізде ойнап жүрді. Оларға мен ұлымды неліктен басқа балалардан бөліп, қамап қойғанын сұрадым. Ал олар сұрағыма жауап бере алмады. мен оларды суретке түсіріп алдым", - деп жазған ол.

Ал Қарасай аудандық ІІБ әкенің арызын қабылдамай қойғаннан соң, ол аудандық прокуратураға да арыз жазған.

"Прокуратура менің арызымды қарайды деген үміттемін. Олардың мектеп-интернат қызметкерлері мен полициядағылардың әрекетіне құқықтық баға береді леп сенемін", - деп сөзін қорытындылады оқушының әкесі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
46
21
56
7
6
22
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel