RU
"Канело": Бірінші кездесуде күмән келтіргендердің аузын жабамын
Жаңалықтар Әлемде

"Канело": Бірінші кездесуде күмән келтіргендердің аузын жабамын

Рассказать Вконтакте

Екі салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Сауль "Канело" Альварес Лос-Анджелесте өткен баспасөз жиыны кезінде Геннадий Головкинді нокаутқа түсіруге уәде берді деп хабарлайды vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Канело" бірінші кездесуде күмән келтіргендердің аузын жабамын

"Канело" бірінші кездесуде күмән келтіргендердің аузын жабамын
Source: UGC

"Мен Головкиннен қорықпаймын. Онымен кез-келген жерде кездесуге дайынмын. Мен мұны дәлелдедім де. Бірінші кездесуіміздің алдында олар Головкин мені нокаутқа түсіретінін айтты. Енді міне біз қайта кездесіп отырмыз. Одан қорықпаймын және екінші кездесуде нокаутқа түсіремін.
Головкинді сыйлаймын. Оның соққысы жақсы. Бірақ соншалықты мықты деп айта алмаймын.
Әрине, бірінші кездесуде мен жеңіске жеттім деп есептеймін. Екінші кездесуді ұйымдастырғанымыз үшін Құдайға шүкір. Екінші жекпе-жекте жеңіске жетіп, маған күмән келтіргендердің барлығының аузын жабамын. Жекпе-жектің жарнамасын жасау үшін бір-бірімізді балағаттағанымыз дұрыс емес. Жанкүйерлер онсыз да бұл кездесудің мықты болатынын біледі. Екеуіміз де бір-бірімізді нокаутқа түсіру үшін шаршы алаңға шығамыз. Уәде беремін, мен Головкинді нокаутқа түсіремін", - деп келтірелі Альварестің сөзін BoxingScene.com порталы.

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы реванш 5-наурыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
2
1
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel