RU

26 жастағы бойжеткен өзін қоқыс жәшігіне тастап кеткен анасымен кездесті (фото)

26 жастағы Ирина Павлуцкая өзін қоқыс жәшігіне тастап кеткен туған анасымен алғаш рет кездесті деп хабарлайды NUR.KZ.

26 жастағы бойжеткен өзін қоқыс жәшігіне тастап кеткен анасымен кездесті (фото, видео)
26 жастағы бойжеткен өзін қоқыс жәшігіне тастап кеткен анасымен кездесті (фото, видео): UGC

Бүкіл денесін теңбіл басқан қызды Ирина Павлуцкаяны анасы туа сала қоқыс жәшігіне тастап кеткен. Сирек генетикалық құбылыс саналалын дертке душар болған қыздың анасы оны неліктен тастап кеткенін айтып берді.

26 жастағы бойжеткен өзін қоқыс жәшігіне тастап кеткен анасымен кездесті (фото, видео)
26 жастағы бойжеткен өзін қоқыс жәшігіне тастап кеткен анасымен кездесті (фото, видео): UGC

Айтуынша, қызының мұндай дертке шалдыққанын естіген күйеуі мен туыстары перзентханаға келуден бас тартқан. Күйеуі тастап кетеді деп қорыққан ол қызын стадиондағы орындыққа тастағанын айтады.

Алайда Иринаның өзіне оны қоқыс жәшігінен тауып алғанын айтқан.

26 жастағы бойжеткен өзін қоқыс жәшігіне тастап кеткен анасымен кездесті (фото, видео)
26 жастағы бойжеткен өзін қоқыс жәшігіне тастап кеткен анасымен кездесті (фото, видео): UGC

Иринадан бөлек оның анасының тағы бір қызы бар екенін анықталды.

Елден ерек болып туылған Ирина өзінің бет әлпетіндегі ерекшелікті кемшілік деп санамаған. Керісінше, ол құрдастарынан озып шығып, модельдік бизнеске бет бұрған.

Қазірде оның пәтері де бар. Бағдарлама қонақтары туған сәбиін тастап кеткен әйелді сөгіп, оның қызымен кездесуге тек пәтер үшін келгенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1719382-26-zastagy-bojzetken-zin-kokys-zsigine-tastap-ketken-anasymen-kezdesti-foto.html