RU
Қос құрбыны мейрамханадан алып кеткен астаналық таксистің басы бәлеге қалды
Жаңалықтар Қоғам

Қос құрбыны мейрамханадан алып кеткен астаналық таксистің басы бәлеге қалды

Рассказать Вконтакте

Астана қаласының тұрғыны «такси жүргізушісінен жәбір көрдім» деп отыр. Алайда көлік тізгіндеген азамат тағылған айыппен келіспейді деп хабарлайды Хабар24-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қос құрбыны мейрамханадан алып кеткен астаналық таксистің басы бәлеге қалды

Қос құрбыны мейрамханадан алып кеткен астаналық таксистің басы бәлеге қалды

Құрбысымен мейрамханада көңіл көтерген Ольга түнгі 1 шамасында арнайы қызмет арқылы такси шақырады. Бірақ жүргізуші дөрекілік танытқандықтан діттеген жеріне жетпестен жарты жолда түсіп қалуды жөн көрген. Алайда "ол көлігін тоқтатқан бойда мені соққыға жықты" дейді Ольга.

"Ол тоқтай салысымен құрбым екеумізді балағаттай бастады. Мен барынша сыпайылық таныттым. Қолымдағы ақшамды ұсату үшін дүкенге бармақшы болып, есікті ашқан бойда артымнан келіп, мені сілкілеп, айқайға басты. Сосын асфальтқа итеріп жіберді. Мен бірнеше рет тұруға тырысып едім ол мені тағы да итерді. Өлтіремін деді. Сосын мен орнымнан тұра алмай қалдым. Құрбыма "маған жедел жәрдем шақыр" деп айқайлағаным есімде", - дейді қала тұрғыны Ольга Морозова.

Бірақ такси жүргізушісінің бұған өз айтары бар. Бетін көрсетпеуді өтінген азамат "сол түнде Ольганы үйіне жеткізіп салдым" дейді. Алайда ол ішімдікке лық тойып алғандықтан көлікке отырған бойда ұрыс шығарып, мазасын алыпты. Ал түсер кезде жолақысын төлемей айқайға басқан.

"Бетімді тырнап жатыр, ұрып жатыр. Мен қашып жүрмін олардан машинаны айналып, ол мені ұрып-соғып жүр. Сөйтіп, жағама жармасып алған кезде, жұлқынып қалған кезде ол құлады. Мен сол кезде полицияға звондап үлгердім. Жедел жәрдем келіп, оларды алып кетті. Мен полицияға барып, арыз жазам деп таңғы сағат 6-ға дейін отырдым. Менен таңғы сағат 6-ға дейін арызды ешкім қабылдамады. Ең соңында полицей мені алдағандай болып, олар өздері кінәлі, олар келмейді, сіз түсініктеме жаза салыңыз деді. Сосын арада 1 ай өтті 7 қарашада қоңырау соғып, мені полицияға шақырды", - дейді такси жүргізушісі.

Жүргізушінің айтуынша, бұған дейін де тараптардың арасында кикілжің туындаған. Осыдан 4 жыл бұрын такси шақыртқан Ольга Морозова оның басына бөтелкемен қойып қалған екен. Бірақ ол кезде жүргізуші кешірім беріпті.

Енді мәселенің ақ-қарасын құзырлы органдар анықтайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
1
10
2
3
5
9
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel