Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамара Асар арбада отырған әйелмен ән орындап, жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Опубликовано:

Қайғылы оқиғадан соң бір аяғынан айырылған Тамара Асар арбаға таңылғандарды өзгеден артық түсінеді. Тағдырдың сынағына мойымаған әнші тағдырлас әйелмен дуэт орындап, елдің жүрегін елжіретті деп хабарлайды NUR.KZ.

Тамара Асар. Фото: Instagram
Тамара Асар. Фото: Instagram: UGC

Олар Тамараның арбада отырған күндері өзіне арнап жазған «Сол бір қыз» әнін қосыла шырқады. Бұл жайында әнші Instagram парақшасында жазды.

“Бұл ән ойыма оралғанда, мен мүгедек арбасында отырған едім. Екі аяқпен жер басып жүруді армандап отырып “Қолдашы мәңгі, Қорғашы мәңгі сол қызды ием, Жаратқан”-деп ыңылдайтынмын. Табанды талап, ата-анам мен апа-аға, інілерімнің арқасында шүкір ойымдағылар оңынан оралды. Бұл өзімнің өзіме арнаған әнім, Әсет Массабай, Асқар Дүйсенбі үшеуміз кәсіби деңгейде өңдеп, әнді “Сол бір қыз” деп атап, Рашид Сүлейменовпен бейнебаян түсіріп, 2008 жылы жарыққа алып шықтық”, – деді әнші парақшасында.

Әнші дайындық кезінде түсірілген видеоны желідегі парақшасында жариялады. Ал концертке қатысқандар әнді тыңдаған кезде көздеріне жас алғандарын жазып жатыр.

«Өзі қоларбада отырған кезде жазған әнін Тамара Асар тағдырласы Роза Мұсамен бірге ән шырқаған кезде денеміз түршігіп, жүрегіміз елжіреді» – деп бөлісті Алпамыс Шәрімов.

Оқырмандар болса, «Тамара Асардың ерік-жігері, рухы мықты әйел, ана ғой. Басына түскен ауыртпалыққа қарамастан, алға ұмтылып әнін шырқап, адамдарға психологиялық көмек көрсетеді», «Жарайсың Тамара Асар» деп ризашылықтарын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1719386-tamara-asar-arbada-otyrgan-jelmen-n-oryndap-zrtty-zregin-elziretti-video/

pixel