RU
70 мың теңгеден жинап алады: ОҚО-да бір топ мұғалім бұрынғы басшысының былығын ашты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

70 мың теңгеден жинап алады: ОҚО-да бір топ мұғалім бұрынғы басшысының былығын ашты (видео)

Рассказать Вконтакте

ОҚО-да парақор басшысынан шаршаған бір топ мұғалім сот алдында шу шығарды. Айтуларынша, бұрынғы мектеп директорының орынбасары ұстаздардың сеніміне кіріп, бір миллионға жуық қаржыларын жымқырып кетіпті деп хабарлайды өңірдегі тілшісі.

Кадр видеодан алынды

Кадр видеодан алынды
Source: UGC

Соңғы бір жылдың ішінде Сарыағаш ауданы, Абай ауылындағы "Өзбекәлі Жәнібеков" мектебінің басынан дау арылмай келеді. Мұнда бұрынғы мектеп басшылығы мен қосшылары арасындағы басараздық кесірінен бала тәрбиесі жайына қалыпты.

Мұғалімдердің сөзінше, бір жыл бұрын мектеп директорының орынбасары Айгүл Тұрбекова қырыққа жуық мұғалімнің біліктілігін артырып беремін деп қыруар қаржы жинап алыпты. Білдей басшыға сенген ұстаздар қауымы алданып қалғандарын кеш біліпті. Қаржыларын қайтармақ болған кезінде бұрынғы мектеп директоры қызметінен қуылып, біліктілігін заңсыз жолмен көтермек болған бір топ мұғалімдер сан соғып қалған.

"Әрқайсымыздан 50-70 мың теңгеден жинап алды. Категорияға ақша бермесең болмайды. Білімің, біліктілігін тасып бара жатса да ақша беру керек деді Айгүл Тұрбекова. Амал жоқ. Сеніп ақшамызды бердік. Кейін алданғанымызды кеш түсіндік. Ақшаны қайтармақ түгілі өзімізге шабуыл жасап жүр. Қазір мектебімізде тыныштық жоқ. Бала оқытудың орнына Айгүл Тұрбековамен жанжалдасып келеміз. Біз оның қызметіне қайта келуіне қарсымыз. Қызметіне келіп, қайтадан ақша жинауды бастайды. Шарап кеттік", - дейді Айна Даулекова.

Бұрынғы мектеп директорының орынбасары Айгүл Тұрбекова сот шешімі бойынша қайтадан қызметіне келуі тиіс болатын. Алайда бүкіл мектеп ұжымы бұған қарсылық танытуда.

Ал мектеп директоры Убайда Арыстанқызы бұрынғы орынбарының заңсыз тірліктері жөнінде сұхбат беруден бас тартты. Бірақ Айгүл Тұрбекованың мұғалімдерге жасаған әрекетін жоққа шығармады.

Сіздің реакцияңыз
7
4
1
1
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel