RU
Тұмауға шалдыққан адам ақыл-есінен айырылып қалуы мүмкін
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Тұмауға шалдыққан адам ақыл-есінен айырылып қалуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Американдық ғалымдар германиялық зерттеушілермен бірігіп, тышқандарға тұмау вирусын егіп көрген. Нәтижесінде мидың кей бөліктері зақымданғанын байқаған деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды
Source: UGC

Зерттеушілер тышқандар мен бірнеше жануарлар түріне тұмау вирусын тыныс алу жүейлері арқылы жібереді. Олар жұқпалы ауру түрінің H1N1, H7N7, және соңғы уақытта көп тараған H3N2 вирусын сынап көрген.

Мамандар вирусты жіберген соң олырдың ағзасында 30, 60 және 120 күн ішінде қандай өзгерістер болатынын бақылайды.

Белгілі болғандай, H3N2 және H7N7 вирустарымен зақымданған тышқандардың есте сақтау қабілеті нашарлап, шиеленіскен жол торабынан шығу бағытын таба алмай қалған. Ал H1N1 вирусы жіберілген тышқандар анағұрлым мықтырақ көрінген.

Ғалымдар шиеленіскен жолдардан бөлек, тышқандардың ми клеткаларын микроскоп арқылы зерттеп, ұмытшақ ауруының белгілерін байқайды.

Яғни тұмаудың кейбір түрлері мидың қызметін нашарлатып, ұмытшақтыққа әкеліп соғады. Зерттеушелр тышқан мен адамның ми жүйесі ұқсас жұмыс істейді екен.

Сіздің реакцияңыз
1
3
3
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel