RU
Атышулы Айжан Байзақова "Ақылсыз әйел" атты киноға түсіп жатыр
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Атышулы Айжан Байзақова "Ақылсыз әйел" атты киноға түсіп жатыр

Рассказать Вконтакте

Белгілі вайнер Нұрлан Батыров «Ақылсыз әйел» атты комедия түсірмек. Продюсер Нұрлан Батыровтың фильмінен атышулы Айжан Байзақоваға да рөл бұйырған деп хабарлайды «НТК» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Айжан Байзақова. Фото: Instagram

Айжан Байзақова. Фото: Instagram

Instagram парақшасындағы бұйра шашты әйелдің ақылға қонымсыз әрекеттері көпшіліктің көңілінен шығып үлгерген. Бір минуттық вайнын енді Батыров фильмге айналдыруды мақсат етіпті. Ол қазіргі уақытта Байзақовамен келісімшартқа қол қойып үлгерген.

«Жаңа ғана Айжанның өзі менің жаныма келіп, ұсыныс білдірген соң, мәтінді бірге қайталап шықтық. Ал, арнайы талаптарға келер болсам, әрине ол заңды құбылыс. Байзақовамен келісімшартқа да отырдық», - деді ол.

Айта кетейік, картинада бас кейіпкерлерден өзге Жания Джуринская, Ерден Телемисов сынды актерлар да бой көрсетпек. Сондай-ақ фильм продюсері Баян Алакөзоваға да ұсыныс тастаған. Бірақ ол жеке себептермен түсірілімнен бас тартқан.

Айта кетейік, атышулы Байзақова өзін өнер әлемінде сынап көруде. Ол «Alem Band» тобының бейнебаянына түскен еді. Ал күні кеше Айжан қазақстандық рэпер Tanir-мен қосылып "Холод" деп ән шырқады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
2
3
0
2
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір