RU
Түрікмен халқы ұнның жоқтығынан кебекке таласып жатыр(видео)
Жаңалықтар Әлемде

Түрікмен халқы ұнның жоқтығынан кебекке таласып жатыр(видео)

Рассказать Вконтакте

Ұн тапшылығы кең қанат жайған Түрікменстанда кебекке деген сұраныс шарықтай түсті. Ақпан айында Дашоғыз облысының тұрғындары өзара кебекке таласып жатқан видеожазба желіге тарап кеткен деп хабарлайды centralasian.org cайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: azh.kz

Фото: azh.kz

Видеода кебек тиелген автокөлік келе сала оған жүгіре жөнелген көпшілік көрініс тапты. Олар кебекті алып үлгеру үшін өзара арпалысып жатқаны белгілі болды.

2017 жылы Түрікменстанда азық-түлік бағасы жоғарылап кетті. Әсіресе аз мөлшерде жиналған егін кесірінен ұн бағасы тым қымбаттаған. Бұл жағдайға ауыл шаруашылығы өнімділігінің күрт төмендеуі себепкер болып отыр. Білуімізше бұл мәселенің тығырыққа тірелгенін Түрікменстан президенті де растаған. Сәйкесінше 2017 жылы ауыл шаруашылығына жауапты вице-министр жұмысынан кетті.

Соңғы жылдары төмендеп кеткен мұнай бағасы, ел үкіметін шетелден сатып алынатын азық-түлік көлемінің азайуына әкеп соқтырды.

Ақпан айының басында Түрікменстан билігі ұнды артығымен алуға шектеу қойған. Оған басты себеп- ұн бағасының екі есе қымбаттап кетуі болса керек.

Жоғары сортты ұн жетіспеушілігін ең қатты сезіліп жатқан Дашоғыз облысында адам басына бес келіден артық ұн сатып алуға рұқсат жоқ.

Сіздің реакцияңыз
0
1
2
14
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel