RU
Меруерт Түсіпбаеваға сын айтқан Баянның сіңлісі ұятқа қалды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Меруерт Түсіпбаеваға сын айтқан Баянның сіңлісі ұятқа қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Мерует Түсіпбаева мен Баян Мақсатқызының арасындағы дау әлі басылар емес. Әнші мен продюсер тыныштала бастағанда, Баянның сіңлісі әншіні сынап тастады. Алайда Түсіпбаеваны масқараламақ болған Бағым Мұхитденованың өзі ұятқа қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бағым Мухитденова. Фото: Instagram

Бағым Мухитденова. Фото: Instagram

Продюсердің сіңлісі Instagram парақшасында өзін «жұлдызсымақ» сезінетін біреуді меңзеп, оны сынның астына алды. Алайда оқырмандар Мұхитденованың жазбасы Меруерт Түсіпбаева арналғанын бірден түсініп қойды.

«Кеше бір «жұлдызсымақ» әйелдің сұхбатын оқыдым. Жұлдызсымақ демесе болмас. Себебі, ол әлі күнге танымал бола алмай жүр. Ол тек өзгенің атын пайдаланып, өзіне пиар жасай алады. Оған бәрі аз. Үнемі ұрыс-керістің ортасында жүреді. Меніңше, оның өмірі дұрыс емес. Түсінемін, өмірі мен мансабын бір ізге түсіре алмады. Алайда оған өзгені кінәлап не керек? Оны сегізінші наурыздағы түсірілімге алмағаны үшін неге өзгеге айып тағады? Жұлдызсымақты ондай жерлерге шақырмағанына да он жылдың жүзі болып қалды. Меніңше, оған депрессиядан арылып, өзгенің аянышын оятуды қою керек» деп жазды Мұхитденова.

Ал оқырмандарға бұл сөз ұнамай қалды.

Бағым Мухитденова. Фото: Instagram

Бағым Мухитденова. Фото: Instagram

«Меруерт сөзсіз жұлдыз! 2000 жылдары онсыз бірде бір концет өтпейтін. Сіздің мансабын дұрыс жолға қоя алмады дегеніңізбен келіспеймін. Емізулі баласын алып, концерттен қалмайтын. «Әр адамның жұлдызды сәті бар. Мүмкін бұл сәт қайта келмес» деп өзі де айтқан болатын әншінің. Ал сіз өзіңіз кімсіз? Сізді тек Баянның сіңлісі деп қана танимыз», «Сіздерді мақтағанда, Меруерттен жақсы адам болмайтын еді».
«Кінәң жоқ болса ақталмай отыра бер», «Базардағы тәтелер құсап, мынауыңыз масқара», «Бағым, сіздің де ұнап тұрғаныңыз шамалы», «Сізді тек әпкеңіз арқылы танимыз», «Сіз өзі кімсіз?» деп сынның астына алды пікір жазушылар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
41
5
8
7
1
207
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір