RU
Дариға Назарбаева: Құдайға шүкір, орыс тілін әлі ешкім алып тастаған жоқ
Жаңалықтар Қоғам

Дариға Назарбаева: Құдайға шүкір, орыс тілін әлі ешкім алып тастаған жоқ

Рассказать Вконтакте

Бүгін сенат депутаты Дариға Назарбаева палата отырысы кезінде Ұлттық банкке қатысты депутаттық сауалын орыс тілінде жолдады. Елбасының тапсырмасын еске салған журналистерге сенатор ресми тілде сөйлеген өзіне ыңғайлы екенін жеткізген. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Дариға Назарбаева

Дариға Назарбаева
Source: UGC

"Біз президенттің тапсырмасын барлығымыз орындауға тырысамыз. Орыс тілін әлі ешкім алып тастаған жоқ. Құдайға шүкір, ондай әлі болмайтын да шығар. Өзге ұлттың өкілдерін сыйлаумыз керек, сондықтан мұндай мәселелерге келгенде асыра сілтеудің қажеті жоқ деп санаймын", - дейді Назарбаева.

Сонымен қатар ол ұлтаралық келісім мен достыққа ешкім шектеу қоймағынын атап өтті.

"Біздің елде, оның ішінде меморгандарда қолданылатын тілдер ел Конституциясымен бекітілген", - дейді сенатор.

Еске сала кетейік, Ақордада министр Дәурен Абаевпен кездескен елбасы парламент пен үкіметтің қызметі тек мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс екенін атап өткен болатын.

Сіздің реакцияңыз
98
7
5
3
1
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel