RU
Британдық жазушы асыл арманын орындап, өмір бойына сотталып кетті
Жаңалықтар Әлемде

Британдық жазушы асыл арманын орындап, өмір бойына сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

26 жастағы Джемма Лилли жасаған қылмыс қасақана әрі алдын ала жоспарланғаны расталды. Енді ол өмірінің соңына дейін бас бостандығынан айырылып, темір тордың аржағында болады деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ktk.kz

Фото: ktk.kz
Source: UGC

Аса ауыр қылмысты Джемма Лилли өз серіктесі Труди Леонмен бірге іске асырған. Оған қоса екі қыздың романтикалық қарым-қатынаста болғаны да анықталды. Тергеу жұмыстары барысында олардың үйлерінен адам шошырлық суреттер жария болды. Екі бойжеткен үйлерін қорқынышты фильмдер стилінде безендірген.

Фото: ktk.kz

Фото: ktk.kz
Source: UGC

Қылмыскерлердің үйінен пышақтардың сан түрі табылды. Солардың бірімен 18 жастағы Ааронды өлтіргені белгілі болды. Аутизм ауруына шалдыққан Аарон Пажичті Джемма Лилли алдымен қылқындыруға тырысқан. Алайда сым темір үзіліп кеткен соң, денесіне 3 жерден пышақ сұғады. Марқұмның денесі үй артындағы бақтан табылған.

Фото: ktk.kz

Фото: ktk.kz
Source: UGC

Айта кетейік, Джемма Лилли кішігірім әңгімелер жазумен шұғылданған. Шығармашылығының негізгі тақырыптары – адам өлтіруге талпынған қыздар жайында өрбіді.

Бойжеткеннің психикалық ауытқулары бала кезінен болғанын өзінің өгей анасы да растап отыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
1
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel