RU
Танымал әншінің бұрынғы әйелі үшінші баласының қыз болғанына қалай өкінгенін айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Танымал әншінің бұрынғы әйелі үшінші баласының қыз болғанына қалай өкінгенін айтты

Рассказать Вконтакте

Қазақ эстрадасындағы танымал әнші Мұрат Қожаның бұрынғы жары Айман Нұразхан үшінші баласының қыз болатынын естігенде қандай күйде болғанын жасырмай айтты. Балаларын кесарь тілігі арқылы дүниеге әкелген ана бүгінде үш қызын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр.

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

Оның айтуынша, ол үшінші сәбинің де қыз болғанын іштей қаламаған.

"Үшінші қыз дегенде көңіл-күйім түсіп кетті. Ол рас. Ойым бұзылды, ұйқы мазалады, көз алдымда үшіншімәрте пышаққа түсіп, операция столы көз алдыма елестеді", - деген ол 9 ай бойы ел өзін жұбатумен болғанын жеткізді.

"Жоспарланған ота болғандықтан, мен Алланың қалауымен Ажарымды босандым. Келесі күні наркоздан оянып, баламды құшағыма алған сәтімді ұмытар емеспін. Сондай нәзік, аппақ, монтиып жатқанын көріп, мен көзіме жас алдым. Аллаға шүкір, қанша қиналып, бір өлімнен қалып, дәрігерлердің ұрысқанына қарамай, өмірге сәби әкелгеніме мен шүкіршілік таныттым", - деген Айман кішкентай қызының аса дарынды болып өсіп келе жатқанын айтты.

Оның айтуынша, қызы 5,5 жасында өздігінен музыкалық мектептің скрипка бөліміне түсіп кеткен. Бүгінде ол өзін өзі сахнаға емін-еркін ұстайды, дейді баласы үшін мақтанатын Айман.

Ал желі қолданушылары болса, Мұрат Қожаның дарынды қызына сәттілік тілеп, Айманның төзімділігіне тәнті болды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
2
1
2
40
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel