RU
Павлодарда ауыл тұрғыны полицейді бір ұрып, погонын жұлып алған
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда ауыл тұрғыны полицейді бір ұрып, погонын жұлып алған

Рассказать Вконтакте

Павлорда облысында бұзақы адам учаскелік полицейдің бетінен бір ұрып, погонын жұлып алған. Ол қазір қамауда отыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Павлодарда ауыл тұрғыны полицейді бір ұрып, погонын жұлып алды

Павлодарда ауыл тұрғыны полицейді бір ұрып, погонын жұлып алды

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Лебяжі ауданында болған.

Ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция аға лейтенанты Ризабек Төкебаевқа Ямышево ауылының тұрғыны хабарласып, көмек сұраған.

Мекенжайға келіп жеткен полицей әйелдің үйіне мас ер адамның кіріп кеткенін көреді. Полиция қызметкері ер адамнан шығуын өтінгенде, мас жігіт жұдырығымен полицейдің бетінен бір ұрып, погонын жұлып алады.

Бірақ учаскелік инспектор бұзақының қолын бұрап, көмекке келген ауыл тұрғынымен бірге полиция бөліміне жеткізген.

Қазір 30 жастағы құқық бұзушыға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Ол сот шешімімен қамауға алынған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
1
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel