RU
Көз тиюден сақтану үшін не істеу керек?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Көз тиюден сақтану үшін не істеу керек?

Рассказать Вконтакте

Кейде адам себепсіз ауырады немесе ісі алға баспай қиналады. Мұндайда көз тиді ме екен деп күмәнданып жататынымыз рас. Ал осы көзден сақтану үшін не істеу керек? Бұл үшін төмендегі кеңестерге құлақ асып көріңіз деп хабарлайды Замана басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды
Source: UGC

Көзден сақтану үшін киімге түйреуіш қадау керектігін жұрттың бәрі біледі. Дегенмен көзден қорғануға түйреуіштің бәрі бірдей жарамды бола бермейтіні есіңізде болсын. Ол өз міндетін дұрыс атқаруы үшін бірқатар ережелерді есіңізде ұстаңыз.

Көзден қорғануға арналған түйреуішті жұма күні кешкісін сатып алу керек және оны киімнің көрінбейтін жағына, жағаның астына немесе киімнің ішкі өңіріне қадайды. Содан кейін оны күніге бақылап отырған дұрыс. Егер түйреуіштің ұшында қарайған дақтар пайда болса, оны дереу жаңасына ауыстырыңыз. Ал пайдаланылған түйреуішті тезірек жерге көміп тастаңыз

Көз тигенді қалай қайтарады?

Егер өзіңізге немесе сәбиіңізге көз тигенін байқасаңыз, уақыт өткізбестен салқын душ қабылдау керек. Оның жиырма минуттан кем болмауын қадағалаңыз. Су жағымсыз энергияны алып кетеді. Содан соң "Фатиха", "Фәлақ", "Нас", "Аятүл күрсі" сүрелерін оқуға немесе мешітке барып ғибадат жасауға болады.

Егер бір адамның өзіңізге тесіле қарағанын және оның көзқарасы өзіңізге жайсыз әсер еткенін байқасаңыз, екі қасыңыздың ортасынан күшті сәуле тарап, ол энергиясы жағымсыз адамның бетіне түсіп жатқанын көз алдыңызға елестетіңіз.

Көп ұзамай­ ішкі энергияңыздың көбейгенін өзіңіз де байқайсыз. Бірақ бұл жаттығуды көп жасауға болмайды. Олай етсеңіз, өзіңіздің көзіңіз біреуге тиіп кетуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
1
2
6
2
7
25
8
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel