RU
Қазақша сөйлеуге қиналған министр сенаторлар алдында әбден қысылды (видео)
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қазақша сөйлеуге қиналған министр сенаторлар алдында әбден қысылды (видео)

Рассказать Вконтакте

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов кезекті Палата отырысында сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммедтің сұрағына мардымды жауап бере алмай, "қазақшасының" әлі де жоғары деңгейге жетпегенін көрсетіп қойды деп хабарлайды NUR.KZ.

Министр

Бұл туралы белгілі журналист Әділбек Қаба өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

"Ыңғайсыздау болды. Министр нақты сұраққа нақты жауап бере алмады.

Таратып айтсақ, бүгін әдеттегідей Палата отырысы жүріп жатқан. Күн тәртібіндегі заңды ратификациялау үшін еліміздің Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бар қазақшасын сарқа пайдаланып ол заңнаманың не үшін қажеттігін түсіндіріп жатты. Сол сәтте сенатор М.Құл-Мұхаммед тақырыпқа орай бір сұрақты маңдайдан сарт еткізді.

Министр есеңгіреп қалды ма, болмаса дайындығы кемшін болды ма, мандытып жауап бере алмады. Десе де, әйтеуір ойдан-қырдан құрап бірдеңе айтып тығырықтан шығып кетпек болып еді Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Болды ма?» деп сұрады. «Болды» деді министр.

Төраға көңілі толмағанын сөз райынан байқатып, тағы бір мүмкіндік берді де: «Сіздің жауабыңыз толық емес, сұрақ нақты болды. Осы мәселеге байланысты нақты жауап беріңізші» деді.

Министр тағы біраз «шапты». Бірақ тағы да «мимо». Одан әрі тыңдауда мән қалмағанын түсінген Сенат Төрағасы министрдің сөзін кілт қиды да «Министр мырза, Сіз бұл мәселе бойынша жазбаша жауап беріңіз. Отырыңыз» деді.
Мұны барлық БАҚ өкілдері естіді, онлайн қарап отырған барша жұрт көрді. Енді министрлер Сенатқа дайындалып келетін шығар", - деп жазады Әділбек Қаба.

Сіздің реакцияңыз
47
0
3
0
2
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel