Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық хирург жағдайы төмен және жетім балаларды тегін емдемекші

Опубликовано:

Пластикалық хирург Мағзұм Оңғаров әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан бүлдіршіндер мен жетім балаларды ақысыз емдеу үшін өз әріптестерін бір командаға бірігуге шақырды деп хабарлайды дәрігердің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: facebook.com
Фото: facebook.com: UGC

Хирургтің айтуынша бүгінгі күні қажетті ота жасата алмай жүрген балалар саны күннен-күнге көбеюде. Сол себепті, ол өзінің Facebook парақшасында туындаған жағдайға тегін медициналық көмек көрсететін кәсіби команда жинақтау мақсатында үндеу жариялаған.

Мағзұм Оңғаров бірігіп үлес қосу мақсатында білікті хирургтар, травмотологтар, урологтар, тіпті медицинаның кез келген саласында істейтін кәсіби мамандарды күтетінін айтты.

Сонымен қатар, "құтқару командасына" Қазақстанның әрбір түкпіріндегі дәрігерлер қосыла алады. Бар болғаны - ота үшін ақша алмайтыныңызға келісу.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1719472-astanalyk-hirurg-zagdajy-tmen-zne-zetim-balalardy-tegin-emdemeksi/

pixel