RU
Назарбаев барша қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаев барша қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады деп хабарлайды NUR.KZ.

Назарбаев барша қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Назарбаев барша қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
Source: UGC

"Құрметті отандастар!
Бүгін біз баршамызға ортақ мереке – Алғыс айту күнін атап өтіп отырмыз.

Осынау айтулы күні қиын-қыстау сынақ жылдарында адамгершілік пен имандылық үстемдігінің жадымызда болуы Қазақстан халқын біріктіреді.

Мейірімділік, өзара көмек және бір-біріне деген құрмет қазақтың киелі топырағында күллі қазақстандықтар көздің қарашығындай сақтайтын әрі мақтан тұтатын достық пен өзара түсінушіліктің бірегей атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Өз отандастарымызға және туған өлкеге деген кіршіксіз алғыс сезімі бұл мерекеге ерекше терең мағына береді.

Сондықтан Алғыс айту күнінің басты мәні – тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар сабақтастығы мен іргесі берік негіздегі ел бірлігін нығайту болып табылады.

Бүкіл қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерге бақ-береке, бейбіт өмір және табыс тілеймін!", - делінген Ақорда жариялаған ресми хабарламада.
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel