RU
Тамақ ішіп отырып билеген Бүркіттің жары елді өзіне ғашық етті (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Тамақ ішіп отырып билеген Бүркіттің жары елді өзіне ғашық етті (видео)

Рассказать Вконтакте

Тамақтанып отырып билеп кеткен Бүркіттің жұбайы елді өзіне ғашық етті. Видеоны Instagram парақшасына жүктеген әншінің қылықты келіншегі елдің назарын аудармай қоймады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бүркіт пен Аиша. Фото: Instagram

Бүркіт пен Аиша. Фото: Instagram

Видеода дастархан басында отырған Аиша шетелдік әуенге билей жөнеледі. Ал бұл сәтті түсіріп алған әнші видеоны «Кел, билеп жіберейік» деген жазбамен желіге жүктеп қойды.

Ал оқырмандар Аишаның бұл қылығына сүйсініп қалды. «Биі қандай жарасымды», «Күлкісі қандай әдемі», «Күшті билейсіз ғой», «Келіншегіңіз әдемі» деп жылы лебіздерін жаудырды.

Айта кетейік, Бүркіт пен Аишаның бір ұлдары бар. Қазіргі уақытта әншінің жары екінші сәбиін күтіп жүр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
17
2
1
1
3
45
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір