RU
Қазақстанға қонаққа келген жапон қызына бауырсаққа май жағып жеген ұнап қалды
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанға қонаққа келген жапон қызына бауырсаққа май жағып жеген ұнап қалды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық құрбысының отанын көруге асық болған Кьюри Хашимото уәдесінде тұрып, біздің елге қонақ болып келді. Алматы қаласының әсем жерлерін бір апта бойы аралаған жапон қызы өзінің алған әсерлерімен NUR.KZ тілшісімен бөлісті.

Фото: nur.kz

Фото: nur.kz

Саяхаттауды жаны сүйетін 24 жастағы жапон қызы жер шарының талай мемлекеттерінде болып көрген. Алайда Қазақстан жайлы бұрын-соңды естіп көрмепті.

Жапонияға шетелдік тәжірибе бойынша барған қазақстандық Жұлдыз Отарбаева Кьюриге біздің ел туралы алғашқы ақпарат беруші болса керек. Ғылыми тәжірибе алмасу арқасында екі бойжеткеннің таныстығы үлкен достыққа ұласқан.

Фото: nur.kz

Фото: nur.kz

Құрбысының Қазақстан жайлы әңгімелерінен кейін жапон қызының біздің елге деген қызығушылығы артып, міндетті түрде баруға шешім қабылдайды.

Ақпан айының 23 күні Кьюри Хашимото уәдесінде тұрып, Алматы қаласына келген.

Фото: nur.kz

Фото: nur.kz

"Келуімнің ең бірінші себебі – қарды ұстап өз көзіммен көргім келді", - дейді бойжеткен.

Оның айтуынша, Қазақстанның табиғаты да, климаты да жылыжай. Ең қатты ұнаған көрінісі - Алматы таулары болып шықты.

Ал Шымбұлаққа барып шаңғы тебу жапон қызына бұрын соңды болмаған әсер қалдырған.

Фото: nur.kz

Фото: nur.kz

Кез келген қазақ іспеттес Жұлдыз өзге елден келген құрбысына "бешбармақ" әзірлеп берген. Кьюри Хашимото ұлттық тағам дәмділігіне сөзі жоқ екеніне, алайда оған бауырсаққа май мен қант жағып жеген әлдеқайда қатты ұнап қалғанын айтты.

Басында бұны қалай жеуге болады деп сескеніп, дәмін татып көрген соң сөзін қайтып алған.

Оның айтуынша, Жапониямен салыстырғанда біздің елде тамақтану анағұрлым арзан екен.
Фото: nur.kz

Фото: nur.kz

Қазақстан халқы жапон қызын тіпті таңғалдырған.

"Бір ашулы адам кезіктірмедім, бәрі ақкөңіл жылы қарсы алды. Тіпті такси жүргізушілері де биязы адамдар. Жапонияда тез арада келе қалатын жылыжүзді такси жүргізушісін кездестірмейсің", - деп өзінің оң пікірлерін білдірді ол.

Қазақстанның болмысы мен тұрмыс тіршілігіне тәнті болғаны соншалық, ол біздің елге әлі талай келетініне нық сенімді.

Кьюри Хашимото қазақ домбырасын меңгеруде

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
3
27
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір