RU
Головкиннің бапкері Альваресті көпшіліктің алдында алаяқ деп айыптады
Жаңалықтар Әлемде

Головкиннің бапкері Альваресті көпшіліктің алдында алаяқ деп айыптады

Рассказать Вконтакте

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес жанкүйерлерді мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қарсы кездесуге байкот жариялауға шақырды деп жазады Vesti.kz.

Головкиннің бапкері Альваресті көпшіліктің алдында алаяқ деп айыптады

Головкиннің бапкері Альваресті көпшіліктің алдында алаяқ деп айыптады

Бапкердің айтуынша, "Канело" бірінші кездесудің алдында Головкинді нокаутқа түсіремін деп уәде беріп, бірақ жекпе-жек кезінде 12 раунд бойын қашып жүрген екен. Санчес екінші кездесуде де Альварес қашып жүретін болса, онда алдағы кездесулерде жанкүйерлерді байкот жариялауға шақырды.

"Канело бұл жолы да Головкинді нокаутқа түсіремін деп уәде беріп, төрешілердің керек емес екенін айтты. Егер ол тағы да көпшілікті алдап, уәде бергеніндей жұдырықтаспайтын болса, жанкүйерлер енді оның кездесулерін көрмеуге құқығы бар деп есептеймін. Ол кез-келген нәрсені айта бермей, сөзінде тұратын адам болуы керек.

Сауль шынымен Головкинді нокаутқа түсіруге ниетті болса, біз керемет кездесуге куә боламыз. Өйткені, олар қашпай, жақыр арада жұдырықтасады. Техинкаларын көрсетіп, ақылмен қимылдап, қарсыласын қапы қалдыру үшін жұмыс істейді. Әрине, мұндай жағдайда бір боксшының нокаутқа түсетінін белгілі.

Егер "Канело" ашық жұдырықтасатын болса, Геннадий оны нокаутқа түсіреді. Сол кезде мен оны сыйлайтын боламын. Бірақ менің ойымша, Сауль 12 раундқа шыдай алмайды. Ол тағы қаша беретін болса, онда бірінші кездесудің сценарийі қайталанады", - дейді Санчес BoxingScene.com порталына берген сұқбатында.

Айта кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин - Альварес арасындағы екінші кездесу Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді. Жекпе-жекке билет құны 300 (96 000 теңге) -5000 (1 600 000 теңге) доллар аралығында бағаланды. НВО арнасы ақылы трансляция жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
12
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір