RU
Сағынтаевтың жауабына қанағаттанбаған сенатор сауалын қайта жолдады
Жаңалықтар Қоғам

Сағынтаевтың жауабына қанағаттанбаған сенатор сауалын қайта жолдады

Рассказать Вконтакте

Бүгін Парламент сенатының отырысында Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Нұржан Нүрсипатов Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалына тиісті жауап ала алмағанын айтып, Бақытжан Сағынтаевтан қайта жауап беруін сұрады деп хабарлайды Baq.kz.

Сағынтаевтың жауабына қанағаттанбаған сенатор депутаттық сауалын қайта жолдады

Сағынтаевтың жауабына қанағаттанбаған сенатор депутаттық сауалын қайта жолдады

Ол Конституциялық құқығын пайдалана отырып, «Парламент және оның депутаттары мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 27-бабы, 4-тармағына сәйкес қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды қаржыландыру туралы депутаттық сауалына қайтарылған жауапқа пікір білдірді.

«2017 жылғы 8 желтоқсанда Парламент сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мүшелерінің депутаттық сауалына келіп түскен сіздің (Бақытжан Сағынтаев – авт.) жауабыңыз, өкінішке орай, комитет мүшелерін қанағаттандырған жоқ», - деді депутат.

Сенатор мұның себебін премьер-министрден келіп түскен жауапта бұл мәселелердің қазіргі уақыттағы жағдайы ғана атап өтілген деп түсіндіреді.

«Сіз комитет мүшелерінің шекара қызметі, Ұлттық Ұлан және Азаматтық қорғау қызметтері үшін жеке шығыс лимитін айқындау туралы ұсынысы елде қалыптасқан Ұлттық қауіпсіздік және Ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесін бұзуға әкеп соғады деп тұжырымдайсыз.
Сондай-ақ, қарулы күштердің, басқа да әскер мен әскери құрылымдардың шығыстарын ЖІӨ-ге байланыстыра отырып заңнамалық түрде белгілеуді орынсыз деп есептейсіз. Дегенмен де бұл мәселе өз шешімін табуы қажет. Осы сауалға жауап беруіңізді сұраймыз», - деді Нұржан Нүрсипатов.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
2
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір