RU
Семейде 7 сынып оқушысына "қырындаған" мұғалімнің басы дауға қалды
Жаңалықтар Қоғам

Семейде 7 сынып оқушысына "қырындаған" мұғалімнің басы дауға қалды

Рассказать Вконтакте

Семейде оқушы қыздың денесіне «қол жүгіртіп», қырындаған дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Семейде қол

21 ақпанда болған оқиға қала мектептері мұғалімдерінің төбесінен жай түсірген.

Семейдегі № 30 мектептің 7 сынып оқушысы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі өзін еркінен тыс әрекетке итермелегенін айтып, директорға арызданған.

Кейін қыздың ата-анасы құқық қорғау органдарына шағым түсіріпті.

Алайда әріптестері ұстаздың мұндай әрекетке баруы мүмкін еместігін айтып, оқиғаның түсінбеушілік екенін алға тартты.

Қазір мұғалімге қатысты «Жас балаларды азғындық жолға түсіру» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүруде. Ал дау шыққан кейін мұғалім жұмыстан босатылған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
13
1
13
5
3
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір