RU
Астана тұрғыны қызының өлімі үшін перзентханадан 6,5 млн теңге өндіріп алған
Жаңалықтар Қоғам

Астана тұрғыны қызының өлімі үшін перзентханадан 6,5 млн теңге өндіріп алған

Рассказать Вконтакте

Астаналық тұрғын жүкті қызының өлімі үшін елордалық перзентханалардың бірінен 6,5 миллион теңге көлеміндегі қаражат өндіріп алған деп хабарлайды elorda.info-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Астаналық тұрғын жүкті қызының өлімі үшін, перзентханадан 6,5 миллион теңге ақша өндіріп алған

Астаналық тұрғын жүкті қызының өлімі үшін, перзентханадан 6,5 миллион теңге ақша өндіріп алған
Source: UGC

Елордалық тұрғын екіқабат қызына немқұрайлы қарап, дер кезінде көмек көрсете алмаған «№1 Перинаталдық орталық» мамандарын сотқа беріп, моральдық шығын ретінде 6,5 миллион теңге өтемақы төлеуін талап еткен.

«Т. Есімді тұрғын Астана қаласының Есіл ауданының сотына қаладағы «№1 Перинаталдық орталығы» ШЖҚ РКМ үстінен материалдық және моральдық шығынды өтеу жөнінде арыз жазды.
Сот қабылдаған шешімге сәйкес, тұрғынның қызы 3 ай бойы перзентхана қызметкерлеріне жүктілікті тоқтату туралы өтініш білдірген екен. Алайда, дәрігерлер марқұмның сөзіне құлақ аспай, оның денсаулық жағдайына немқұрайлы қараған. Нәтижесінде, жүкті келіншек ақ халаттылардың салғырттығы себебінен көз жұмған», - деп көрсетілген хабарламада.

Осылайша, соттың шешімімен марқұмның анасы 2 млн.теңге көлемінде моральдық және 4,5 млн. теңге мөлшерінде материалдық өтемақы өндіріп алған.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
2
3
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel