Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин АҚШ-қа қарсы ойлап тапқан жаңа қаруын көрсетті (видео)

Опубликовано:

Ресей Федерациясы Америка саясатына қарсы жаңа қаруды жасап шығарды. Владимир Путин жаңа технологияның қолданыста қандай екенін көпшілік назарына ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: РИА Новости
Фото: РИА Новости: UGC

Федералды жиын барысында Владимир Путин Құрама штаттардың ракеталарға қарсы қорғанысын жаһандандырып жатқанына Ресейдің өз жауабы бар екенін айтты. Ол гипердыбысты қару түрінде көрініс тапқан.

Ресей президенті тіпті жаңа авиациялық гипердыбысты жүйенің сынақтан өту кадрларын жасырмай үлкен жиын барысында көрсетті.

Білуімізше, бірегей тасымалдаушы самолет ракетаның әлемнің кез келген нүктесіне жеткізуге қауқарлы. Бұндай жаңа технология бүгінгі күні бар және де келешегінен зор үміт күттіретін жүйелердің барлығынан дерлік асып түспек.

Айта кетейік, жаңа стратегиялық қару Авнгард атауына ие болды. Ешкімде ешқашан болмаған бұл қарудың санын енді Ресей Федерациясы көбейтумен айналыспақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1719537-putin-aks-ka-karsy-ojlap-tapkan-zaa-karuyn-krsetti-video/

pixel