RU
Бишімбаев өзіне дәлелсіз "жалған жала" жабылғанын айтып, біраз ақталды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Бишімбаев өзіне дәлелсіз "жалған жала" жабылғанын айтып, біраз ақталды

Рассказать Вконтакте

Бүгін сот отырысында экс-министр Қуандық Бишімбаев соңғылардың бірі болып сөз алды. Ол өз сөзінде пара алғаны туралы дәлелдердің негізсіз екенін айтып, қайта-қайта ақталумен болды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Дәлеліңіз жоқ па, жалған «жала» жаппаңыз: Қуандық Бишімбаев айып тағушының сөзімен келіспейтінін кесіп айтты

Дәлеліңіз жоқ па, жалған «жала» жаппаңыз: Қуандық Бишімбаев айып тағушының сөзімен келіспейтінін кесіп айтты

Қуандық Бишімбаев тағылған айыптардың негізсіз екенін айтып, айыптаушыларға «күйе жағып, болмашы аңыз-әңгімелерді айтпаңыз» деп кесіп айтты.

«Жақсыбаев, сен мыналардан немесе өзгелерден пара алып, маған қала сыртында үй салып бер деген келісімшарт бар ма? Немесе осы сөзді дәлелдейтін тым құрыса қағаз түріндегі дәлел бар ма? Жақсыбаевтың сөзінен басқа түк жоқ, тіпті оның өзін мен емес, тағы да қайталып айтамын, Жақсыбаев айтып тұр», - деді айыпталушы Бишімбаев.

Ал пара алып, қала сыртында салынған үйге қатысты экс-министр «Бишімбаевтың атында үй бар ма ал, айтыңыздаршы?», - деп қысқа қайырған.

Сонымен бірге, ол үйді достарымен бірге салғанын мәлімдеді.

Сот отырысында соңғы болып Бишімбаевтың жұбайы – Назым сөз алған. Ол Ділрух Анарбайдың «Мерседес» туралы мәлімдемесіне 4 жыл бойы бір ғана көлік мініп жүргенін және оның аталған маркалы көлік емес екенін хабарлаған.

«23 айыпталушының ішінен тек Жақсыбаев қана Қуандыққа айып тағып отыр. Қалғандары тек өз кінәларын мойындап, Жақсыбаевтың сөзін негізге алуда», - деді Бишімбаевтың жұбайы.

Ал куәгерлердің тағы бір айыбына қатысты Назым Бишімбаева «ол ақпараттың негізсіз» екенін қадап айтты.

«Мүмкін оның ұяты оянап, осылай деген шығар», - деді экс-министрдің жұбайы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
4
1
1
4
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір