RU
Головкин жеңіске жету үшін нокаутпен аяқтау міндетті емес екенін айтты
Жаңалықтар Әлемде

Головкин жеңіске жету үшін нокаутпен аяқтау міндетті емес екенін айтты

Рассказать Вконтакте

Кәсіпқой бокстағы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жекті көпшілік тағатсыздана күтіп жүр деп жазады 24.kz.

Головкин

Альварес-Головкин

Осыған орай, екі былғары қолғап шебері күні кеше арнайы кездесу өткізіп, көз арбасқан болатын. Бірақ бір-біріне қатысты өткір пікір айта қойған жоқ.

Есесіне, бүгін ақпарат құралдары олардың мәлімдемелерін алға тартып әлек.

Мәселен, Геннадий Головкин америкалық кабельді спорттық арнаға берген сұхбатында мамырда өтетін бокс кешінде бар күшін салып, жанкүйерлеріне ұмытылмас әсер сыйлауға уәде берді.

Бірақ жеңіске жету үшін нокаутпен аяқтау міндетті емес екенін айтқан. Ал мексикалық боксшы керісінше кездесуді уақытынан бұрын бітіруді көздейді екен.

«Алдыңғы жекпе-жекті тыңғылықты қарадым және жіберген қателіктеріммен жұмыс жасап жатырмын, – дейді Альварес.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы екінші кездесу 5 мамырда Лас-Вегас қаласындағы «T-Mobile» аренада өтеді. Бокс кешінің билеттері кеше сатылымға шықты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
2
1
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір