RU
Қызылордада түн ішінде қираған жатақханадан тұрғындар қалай аман қалды?
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қызылордада түн ішінде қираған жатақханадан тұрғындар қалай аман қалды?

Рассказать Вконтакте

Қызылордада бір жақ бөлігі құлаған жатақхана түгелдей сүрілетін болды. Ал, оның тұрғындарын далада қалдырмаймыз деп сендірді шенеуніктер. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Бір жағы опырылып түскен жатақхана

Бір жағы опырылып түскен жатақхана
Source: UGC

Салынғанына жарты ғасырдай болған үйдің оң жағы кеше түнде жермен-жексен болған. Құдай сақтап, нысанның үйіндіге айналған бөлігінде адам тұрмапты. Ал келесі шетіндегі 46 отбасы түн ортасында жақын маңдағы мектепке көшірілді.

Әбден шошынып қалған халыққа психологиялық және медициналық көмек көрсетілген. Төтенше жағдайдың нақты себебі анықталуда.

Төтенше жағдай кеше түнде Титов кентінде болды. 5 қабатты жатақхананың бір бөлігі әпсәтте құлап, үйіндіге айналған. Қайта бұл жолы адам шығыны болған жоқ. Өйткені, онда ешкім тұрмапты. Десе де, бөлмелерді қыруар ақшаға жөндеп, әне-міне көшкелі отырған тұрғындар бар. Олардың су жаңа мүліктері қиранды астында қалған.

Апаттан үйдің сол жағында тұратын халық та қатты қорқып қалған. Сондықтан, түн ортасында сергелдеңге түскен жұртқа психологиялық көмек көрсетілді. Әрі 46 отбасы бірден жақын жердегі мектепке көшіріліпті. Олар тамақ және дәрі-дәрмекпен қамтылған.

Тіпті, жарты жылдан кейін мемлекеттік бағдарламамен үй беріледі деп уәдені үйіп-төкті. Сонда да, қарашаның далада қаламыз ба деген үрейі басылар емес. Өйткені, бұған дейін бөлмелерін жекешелендірмепті. Ал опырылған нысан түбегейлі сүрілетін болды.

Негізі бұл жатақхана жарты ғасыр бұрын салынған. Соған қарағанда, апатқа оның әбден ескіруі себеп болуы мүмкін. Бірақ, жазатайым оқиғаның нақты себебі енді анықталады.

Белгілісі, бұған дейін үй апатты деп танылмаған. Қазір оқиға орнында құтқарушылардың жұмысы жалғасуда. Олар үйінділерді тазартып жатыр. Ал, үйсіз қалған халықтың жағдайын назарда ұстау үшін арнайы комиссия құрылды.

Сіздің реакцияңыз
2
1
4
2
1
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel