RU
Алматылық дәрігерлер бес жасар баланың ішегінен 40-қа жуық магнит тас шығарды
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Алматылық дәрігерлер бес жасар баланың ішегінен 40-қа жуық магнит тас шығарды

Рассказать Вконтакте

Алматылық дәрігерлер 40-қа жуық магнит тастарды жұтып қойған бес жасар баланы аман алып қалды. Бұл туралы Қазақпарат порталына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі сурет

Көрнекі сурет

Алматыда Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының жедел хирургия бөліміне іші түйнеп ауырған 5 жасар бала түскен.

«Рентген түсіру барысында оның ішегінің жүрмей тұрғанын көрдік. Сосын ота кезінде ішектің ішінен бір-біріне жабысқан магнит шарларды анықтадық. Олардың жартысы ішектің төменгі жағында орналасса, жартысы жоғарғы жағында магниттер бір-біріне тартылған кезде арасындағы ішек жабысып қалған. Баланың кіндігінен ішекті шығарып алып, бөгде заттарды тазаладық», - деді шұғыл хирургия бөлімінің меңгерушісі Ерлан Меңдіғалиев.

Жедел ота барысында хирургтар 5 жасар баланың ішегінен 38 шақты магнит шарик алып шыққан. Қазір баланың жағдайы жақсы. Әзірге бала әлі жансақтау бөлімінде жатыр.

Мамандардың айтуынша, орталыққа бөгде зат жұтып қойған балалар жиі келіп түседі. Олардың ішінде 3-4 жағдайда дәрігерлер баланың ішегінен магнит алып шығарады.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
3
6
3
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір