Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк төрағасы қазақша қойылған сұрақты түсінбей, әбден састы (видео)

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев үкімет отырысының барлығы қазақ тілінде өтуі тиістігін ескерткен соң, билік өкілдері жаппай қазақша сөйлей бастады. Алайда, тілі күрмеліп, әріптестерінің алдында ұятқа қалып жатқан қазақ шенеуніктері аз емес. Солардың бірі - Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев деп жазады NUR.KZ.

Азаттық радиосы жариялаған видеода депутат Геннадий Шиповскихтың таза қазақ тілінде қойылған сұрағын түсінбей, әбден сасқан Данияр Ақышевті байқауға болады.

Ұлттық банк төрағасынан бөлек, Экономика министрі Тимур Сүлейменов те туған тіліндегі сұрақтарға мардымды жауап бере алмай, қысылған еді.

Президент тапсырмасынан соң қазақ тілінде сөйлемейтін шенділердің көпшілігі ана тілдерін еске түсіруде.

Алайда, Дариға Назарбаева үкіметтің қазақ тіліне көшкеніне қарамастан, орыс тіліне ешкімнің зияны тимейтінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1719557-lttyk-bank-tragasy-kazaksa-kojylgan-srakty-tsinbej-bden-sasty-video/

pixel