RU
Атыраудағы төбелес: Күзетшілер қытайлықтардан кешірім сұрады
Жаңалықтар Қоғам

Атыраудағы төбелес: Күзетшілер қытайлықтардан кешірім сұрады

Рассказать Вконтакте

27 ақпан күні Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында болған қақтығыс екі тараптың ымыраға келуімен аяқталды. Күзетшілер қытайлық жұмысшылардан кешірім сұраған деп хабарлайды atpress-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі сурет

Көрнекі сурет

Зауыттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, төбелестің орын алуына күзетшілердің қытайлықтарды жұмыс орнынан уақытынан бұрын шығуына тыйым салуы себеп болды.

Күзетшілер ішкі тәртіпке сай қызметкерлердің уақытынан бұрын жұмыстан қайтуына рұқсат бермеген. Ал күзетшілердің бұл қылығын қытайлық жұмысшы бейнекамераға түсіреді. Өздерін камераға түсіре бастағанына ашуланған күзетшілер қытайлықтардың жағасынан алған.

Арты жаппай төбелеске айналған Атыраудағы оқиғадан соң екі жақ мәмілеге келді. Кәсіпорынның баспасөз қызметінің хабарлауынша, басшылық төбелесті бар-жоғы 7 минут ішінде тоқтатып үлгеріпті.

Сіздің реакцияңыз
25
2
0
1
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel