Ақмола облысында алты жасар баланы өз иті талап өлтірді
Ақмола облысында болған оқиға елді дүр сілкіндірді. Қажымұқан ауылының кішкентай тұрғынының өліміне өз жануары кінәлі. Ит иесін талап өлтірген деп хабарлайды «КТК» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Собака. Фото:vistanews.ru
Үй ауласында кішкентай Дамир итпен ойнап жүріпті. Бұл оның күнделікті әдеті болған.
Отбасының асырауындағы төртаяқты болған соң хайуан мен баланың достығына ешкім тосқауыл қоймаған. Алайда бұл жолы ит баланы бас салып талап, жұлма-жұлмасын шығарыпты.
Әкесі баланың дауысын естіп мылтықпен итін атып үлгергенше, алты жасар бүлдіршін өмірден өтіп кеткен.
Айта кетейік, қазір полиция оқиға бойынша тергеу жүргізуде. Сондай-ақ, үй жануары құтырған болуы мүмкін. Зерттеу жұмыстары жалғасуда.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
9
3
1
0
Тағы да оқыңыздар
Пікір