RU
Елімізге белгілі бизнесмен Қайрат Құдайберген енді депутат атанбақшы
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Елімізге белгілі бизнесмен Қайрат Құдайберген енді депутат атанбақшы

Рассказать Вконтакте

Белгілі бизнесмен Қайрат Құдайберген депутаттыққа сайлануға шешім қабылдаған. Ол бұл жайында Instagram парақшасында айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайрат Құдайберген. Фото: 24

Қайрат Құдайберген. Фото: 24

«Мен Алматы қаласы бойынша мәслихат депутаттығына сайлауға түсу туралы шешім қабылдадым. Алматы менің туған қалам, оның тағдырына мен немқұрайлы қарай алмаймын. Өзімнің құзыретіме сәйкес, мен қаламыздың көркеюіне қатысты, қолымнан келетін барлық жағдайды жасауға тырысамын», - деген кәсіпкер өзгелерден өзін қолдауды сұрады.
«Бұл бастамада сіздер маған қолдау көрсетіп, менімен бірге болады деген сенімдемін. Мен Жетісу ауданының 24 округі бойынша сайлауға түсемін. Сайлау 25 наурыз күні өтеді. Осы күні округтің әрбір тұрғыны өз кандидаттарының үлесіне дауыс бере алады», - деп жазды ол.

Айта кетейік, кәсіпкер сын сағатына түскен сәтте белгілі әнші Айқын Төлепберген де бизнесменнің алғашқы кездесуіне қатысқан.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
2
20
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір