RU
Маңғыстау облысында болған жол апаты жеті адамның өмірін жалмады
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Маңғыстау облысында болған жол апаты жеті адамның өмірін жалмады

Рассказать Вконтакте

Бүгін жергілікті уақытпен таңғы сағат 04:30 шамасында Маңғыстау облысындағы "Ақтау-Бейнеу" тас жолының бойында Сайөтес ауылына жақын маңда ауыр жүк көлігі мен жеңіл көліктің соқтығысты деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысында жол апатынан 7 өзбекстандық азамат қаза тапты

Маңғыстау облысында жол апатынан 7 өзбекстандық азамат қаза тапты
Source: UGC

Қытайлық Shacman жүк көлігі мен "Лада Ларгус" минивэнінің соқтығысуынан жеті бірдей адам қаза тапқан.

Барлығы да жеңіл көліктің жолаушылары. Қазіргі таңда олардың кім екендіктері анықталып жатыр.

Әлі расталмаған мәліметтер бойынша қайтыс болғандардың барлығы да Өзбекстан азаматтары.

Қазір осы жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабымен іс қозғалды. Полицейлер оқиғаның мән жайын анықтауда.

NUR.KZ сайтында қалай пікір қалдыру керектігін мына жерден көре аласыз>

Сіздің реакцияңыз
1
1
10
3
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel