Қостанайды «Кастанайға» айналдырған әншіні тыңдармандары сынап тастады (видео)
Гастрольдік сапармен Қостанайға келетін «Виаграның» бұрынғы әншісін тыңдармандары сынап тастады. Надежда Мейхер-Грановская өз парақшасында видео жолдап, Қостанайды «Кастанайға» айналдырған деп хабарлайды NUR.KZ.

Надежда Мейхер. Фото: Instagram
Алайда бұл атау жергілікті тұрғындарға ұнамай қалған. Олар өз қалаларын қате айтқан әншіні сынап, түрлі пікірлер жазды.
«Кастанай емес Қостанай» деп Грановскаяның қатесін түседі. Оқырмандар арасында «Кустанай» деп жазғандар да табылды. Алайда әнші бұл сынға қарсы шықты.
«Әркім әртүрлі айтады. Одан мағынасы өзгеріп кетпейді», - деді ол.
Айта кетейік, әнші Қазақстанға наурыз айының 2-де «История одной любви» музыкалық қойылымына келеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
2
2
0
0
0
0
Тағы да оқыңыздар
Пікір