RU
Ауыл тұрғындары өтірік есеп беретін әкімдердің былығын әшкереледі
Жаңалықтар Қоғам

Ауыл тұрғындары өтірік есеп беретін әкімдердің былығын әшкереледі

Рассказать Вконтакте

Аязда қатқан құбыр көктем келсе де жөнделер емес. Ақмола облысындағы Жасыл ауылы биылғы қыстан әупірімдеп шықты. Десе де, көктем айы келгенімен, солтүстікте әлі де сақылдаған сары аяз тұр деп хабаралйды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ауыл тұрғындары өтірік есеп беретін әкімдердің былығын әшкереледі

Ауыл тұрғындары өтірік есеп беретін әкімдердің былығын әшкереледі

Бір айға жуық тіршілік нәрінен қағылған ауылдың 400 тұрғынының әкім қараларға өкпелері қара қазандай. Барып та, жазып та көрген, алайда нәтиже жоқ.

Әкімдіктегілер 117 үйге күніне 1 рет арнайы көлікпен су жібереді екен. Бірақ ол бәріне тегіс жетпейді.

Үскірік аязда тастай болып қатып қалған жерді қазуға келген арнайы техника қазбай жатып бұзылып қалған. 20 күннен бері оны орнынан қозғаған адам жоқ. Ал ауыл тұрғындары болса ауыз сусыз әбден қажығандарын айтады.

Жасыл ауылы үшін ауыз су арманға айналғандай.

"Сексенкөлді Көкшетаудың іргесінде отырып, қыс ішінде қаталағанымыз жанымызға батты", - дейді жұрт.

Қақыраған қатты аязда істен шыққан құбырды жөндеуге ешкім асығар емес. Бір айға жуық ауылға не басшы, не қосшы ат ізін салмаған. Малға мұз ойып ерітіп берсе, өздері күніне 400 адамға келетін жалғыз көліктің суына қарап қалған.

"21-ші ғасыр. Жол жоқ! Су жоқ! Әкімдер келгенде мұғалімдерді жинады, отырды есеп берді кетті.Өтірік бәрі. Бірақ әкімдер кіріп шыққан мектепте де жағдай қиын. Ауыз су жоқ, асхана істемейді", - дейді Жасыл ауылының тұрғыны Төлеген Тәшенов.

Осылай деп бар мұңын шағып тұрғанда ауыл әкімі келгенін көре салып, ауылдастарына қарсы сөйлеген әйел жиналғандарды таң қалдырды.

"Сенде жоқ су менде бар" деп дау шығарған тұрғынмен өзге жасылдықтар сол жерде жанжалдаса кетті. Осы жағдайға куә болған әкім бұның барлығы уақытша қиындық екенін айтты.

"Енді айтып отырмын ғой экскаватордың 2-шісі қирап жатыр. Бәрі қирап жатыр. Қиын мәселе болып тұрғаны жолдың астынан шыққан соң. Жол әбден қатып қалған 1,5 метрге", - деп ақталды Атамекен ауылдық аймағының әкімі Дауылбай Қапезов.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
1
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel