RU
Қостанайда жарты млн тауып алған курсанттар ақшаны иесіне қайтарып берген
Жаңалықтар Қоғам

Қостанайда жарты млн тауып алған курсанттар ақшаны иесіне қайтарып берген

Рассказать Вконтакте

Шырақбек Қабылбаев атындағы ІІМ Қостанай академиясының курсанттары тауып алған әмиянды иесіне қайтарды деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қостанайда жарты млн тауып алған курсанттар ақшаны иесіне қайтарып берген

Қостанайда жарты млн тауып алған курсанттар ақшаны иесіне қайтарып берген

Полиция майоры Ерболат Қайнар мен полиция капитаны Нұрдәулет Мырзазияев ауладан ішінде қомақты сомасы бар әмиян тауып алған.

«Қазіргі заманда түрлі оқиғаларды естіп жатырмыз ғой. Сол себепті, бастапқыда біз оны алуға жасқандық. Дегенмен, ақылдаса келе әмиянды ашып, ішіндегі құжаттарды көрдік.
Сондай-ақ, онда 500 мың теңгеден астам ақша болды. Осылайша, әмиянның иесін іздестіре бастадық», - деді Нұрдәулет Мырзазияев.

Айта кетейік, болашақ полицейлер қомақты сома мен құжаттардың иесін ғаламтор арқылы тауып, қаражатты тиесілі адамға қайтарған.

Әмиянның иесі курсанттарға және академия ұжымына алғысын білдірді.

NUR.KZ сайтында қалай пікір қалдыру керектігін мына жерден көре аласыз>

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір