RU
"Қалаулымда" сүйіктісін тапқан жігіт түнгі клубта басқа қызбен "ұсталып қалды"
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Қалаулымда" сүйіктісін тапқан жігіт түнгі клубта басқа қызбен "ұсталып қалды"

Рассказать Вконтакте

Бірнеше күн бұрын түнгі клубтардың бірінде қызбен аймаласып билеген жігіттің видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен еді. Оқырмандардың барлығы оны Әли Оқаповқа қатты ұқсатқан. Алайда бұл жігіттің әнші емес, «Қалаулым» бағдарламасының қатысушысы екені анықталды деп хабарлайды NUR.KZ.

Али мен Ислам. Фото: Instagram

Али мен Ислам. Фото: Instagram
Source: UGC

Көпшілік Әли Оқапов деп сөгіп тастаған жігіт «Қалаулым» бағдарламасының қатысушысы Ислам болып шықты.

Бұл жайында Исламның бағдарлама барысындағы жұбы Шынар мәлім етті. Бойжеткен Instagram желісіндегі тікелей эфир уақытында жігітінің теріс әрекеттерін баяндап берді.

«Достар соңғы оқиғаға байланысты мүлдем мазам жоқ. Маған мүлде танымайтын нөмерлер де хабарласып бұл жайтты айтып жатыр. Бұдан былай «Қалаулымға» барушы болма деп туыстарым ұрысты. Қалай болғанда да бәрін басталған тұсынан доғару керек», - деп айтты.

Айта кетейік, әнші мен «Қалаулым» қатысушысының сырт келбетінде ұқсастық бар.

Әли Оқаповтың өзі: “Мені түнгі клубта бір қызбен “сүйісіп тұрғандай” көрсеткен видеоға қатысты түсініктеме беретін уақыт жеткен сияқты. Меніңше мына суреттен ондағы жігіттің мен емес екенін анық көруге болады. Сондықтан да бұл олқылықтың орны толды деп есептейік. Бейбітшілік болсын”, – деп жазды парақшасында.

Сіздің реакцияңыз
38
6
7
2
5
12
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel