RU
Назарбаевтың тапсырмасынан соң "қазақшасымен" ел назарына іліккен кімдер?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаевтың тапсырмасынан соң "қазақшасымен" ел назарына іліккен кімдер?

Рассказать Вконтакте

Соңғы күндері қазақша сөйлеп, елді таңғалдырған шенеуніктер мен сұрақтарды түсіне алмай сасқалақтаған министрлер елдің қызу талқысына түсуде. Сонымен, Үкімет пен Мәжіліс отырысында жұртты тәнті еткендер мен күлкіге қалғандар туралы мәліметті NUR.KZ порталы назарға ұсынады.

подборка

Жұрттың сөзіне қалып, сынына іліккендердің бірі - Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев болды.

Ол осыдан екі жыл бұрын бар халыққа "бір жылда қазақша сайрайтын болам" деп уәде еткен еді.

Азаттық радиосы жариялаған видеода депутат Геннадий Шиповскихтың таза қазақ тілінде қойылған сұрағын түсінбей, әбден сасқан Данияр Ақышевті байқауға болады.

Экономика министрі Тимур Сүлейменов те туған тіліндегі сұрақтарға мардымды жауап бере алмай, қысылды.

Күн тәртібіндегі заңды ратификациялау үшін министр бар қазақшасын сарқа пайдаланып, ол заңнаманың не үшін қажеттігін түсіндіріп жатты. Сол сәтте сенатор Құл-Мұхаммед тақырыпқа орай бір сұрақты сарт еткізген. Төраға Тоқаев болса, оның жауабына көңілі толмағанын байқатып, "жазбаша жауап беріңіз" деп отырғызып қойды.

Президент тапсырмасынан соң қазақ тілінде сөйлемейтін шенділердің көпшілігі ана тілдерін еске түсіруде.

Алайда, Дариға Назарбаева үкіметтің қазақ тіліне көшкеніне қарамастан, орыс тіліне ешкімнің зияны тимейтінін айтты.

Ол палата отырысы кезінде Ұлттық банкке қатысты депутаттық сауалын орыс тілінде жолдады. Елбасының тапсырмасын еске салған журналистерге сенатор ресми тілде сөйлеген өзіне ыңғайлы екенін жеткізген.

Ал мәжіліс депутаттарының қазақшасы елді қуантты. Онді тіпті, өзге ұлт өкілдері де мемлекеттік тілді қаншалықты құрметтейтіндерін танытты.

Мәселен Наринэ Микаелян, Ирина Унжакова, Магеррам Магеррамов пен судай сайраған Геннадий Шиповскихтер көпке үлгі көрсетті.

Еске салсақ, 26 ақпан күні елбасы Ақ Ордада Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдап, ана тіліміздің мәртебесін көтеру бойынша жұмыстарды қолға алу керектігін тапсырған. Осының бір бағыты ретінде "Парламент пен Үкіметтің қызметі тек мемлекеттік тілде жүргізілуге тиіс" дегенді айтқан еді.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
14
0
2
1
1
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір