RU
Павлодар тұрғыны инспекторды жағадан алып, погонын жұлып алған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Павлодар тұрғыны инспекторды жағадан алып, погонын жұлып алған

Рассказать Вконтакте

Лебяжі ауданы Ямышев ауылының тұрғыны учаскелік полиция инспекторын жұдырықтап, погонын жұлып алған деп хабарлайды pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Павлодар тұрғыны инспекторды жағадан алып, погонын жұлып алған

Павлодар тұрғыны инспекторды жағадан алып, погонын жұлып алған

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полицияның аға лейтенанты Ризабек Төкебаевқа ауыл тұрғынынан көмекке шақыру туралы телефон хабарламасы келіп түскен.

Дереу оқиға орнына келген учаскелік полиция инспекторы үйге мас ер адамның заңсыз басып кіргенін анықтапты.

Полиция қызметкерінің үйден шығу жөнінде ескерткен талабын елемеген ер адам оған жұдырық алып жүгірген. Сол сәтте тәртіп сақшысы жауынгерлік күрес тәсілдерін қолданып, тәртіп бұзушыны ауыл тұрғындарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізеді.

30 жастағы тәртіп бұзушыға қатысты Қылмыстық кодекстің 380-бабы, 1-бөлімі бойынша тергеу жүргізілуде. Ол сот санкциясымен қамауға алынған.

Бұл санкция бойынша үш АЕК көлемінде айыппұл төлеу немесе сондай мөлшерде түзету жұмыстарына тарту қарастырылған. Сонымен қатар, қылмысы үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе бас бостандығына шектеу қойылуы мүмкін.

NUR.KZ сайтында қалай пікір қалдыру керектігін мына жерден көре аласыз>

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel