RU
ОҚО-да анасы мен әйелін пышақтап өлтірген жігіттің әкесі шындықты жайып салды
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да анасы мен әйелін пышақтап өлтірген жігіттің әкесі шындықты жайып салды

Рассказать Вконтакте

ОҚО, Ордабасы ауданына қарасты Шұбарсу ауылында анасы мен әйелін пышақтап өлтірген күдіктінің әкесі өңірдегі NUR.KZ тілшісіне өз шындығын баяндап берді. Бір күнде әйелі мен келінінен айырылып қалған азамат оқиғаның қалай болғанын, ұлының соңғы кездегі әрекеттері туралы да ашып айтты.

Ордабасы

Қанды оқиға орын алған үй. Фото: nur.kz

Екі адамды аяусыз пышақпен өлтірді деген 27 жастағы күдікті Жандар Қожықовтың әкесі Әбді Қожықов отандық БАҚ-тарда қанды оқиғаға қатысты таратылған ақпараттардың кейбірі шындыққа сәйкес келмейді дейді.

Әсіресе өзге діннің ағымына кіріп кеткен жігіт туыстары намазға жығылмаған соң оларды өлтірді деген ақпарат Әбді Қожықовтың жүрегіне қатты батыпты.

«Жұрттан естігенше, өз аузымнан шындықты естіп, шын ақпарат таратсаңыздар», - деп сөзін бастаған тұрғын оқиғаның қалай өрбігенін былайша әңгімеледі.

«Оқиға болғанға дейін 2-3 бұрын ұлымның көзі қарауытып, өңі өзгеріп, тіпті тамақ та ішпей қойды. Тек шәй ішіп, конфет жейді. Ауырып тұрмын дейтін. Жұмыстан шаршаған ғой деп ойладым. Оқиға болған күні үйде ешқандай да ұрыс-жанжал болмады. Менің бар айтқаным, үйді жылытуға отын алып кел дегенім болды. Ұлым ғой, жұмсауыма болады. Келінімді дәріге жұмсағанмын.
Ордабасы

Күдікті әйелін пышақтаған орын. Фото: nur.kz

Ол дәріге кеткені сол артынан ұлым ас үйдегі пышақпен жарақат салған. Келінімнің даусынан шошып сыртқа шыққан әйелімді де ұлым пышақтаған. Оның көмек сұрап, айқайлаған даусын естіп мен сыртқа атып шықтым. Бұл сәтте үйде немере қарап отыр едім. Екі адамның қансырап жатқанын көріп тілімді «жұтып» қойдым. Аузыма сөз түспеді.

Бар айтқан сөзім «Балам, не істедің?» болды. Ол «сізді де өлтіремін» деп өзіме атылды. Бірақ оның шамасы маған жетпейтін. Аяғынан зорға тұрды. Тура бір есірткі тартып, соның ләззатына кіріп кететіндер бар ғой. Сол секілді. Мен қолын қайырып, пышақты суырып алып итеріп жіберіп едім. Сол құлаған күйі орнынан тұра алмады. Келінімді екі жерінен, әйелімді бес жерінен пышақтап тастапты», - деп күрсінді тұрғын.
ОҚО-да анасы мен әйелін пышақтап өлтірген жігіттің әкесі шындықты жайып салды

Жігіттің әкесімен арпалысып, құлап түскен орны. Фото: nur.kz

Спирттік ішімдік ішпейтін ұлы жаман ортаға түсіп, осындай әрекетке барды деген Әбді Қожықов бұл жағдайға есірткінің қатысы бар деп отыр. Тіпті мұндай оқиға ауылда екінші рет орын алғанын да айтты.

Өткен жылдың қараша айында дәл осы ауылда бір жас жігітті әлдекім пышақтап өлтірген екен. Бұл кезде анасы мен әйелін өлтірді деген күдікті Шардара ауданында жұмыс сапарымен болған. Көршісінің кісі қолынан қайтыс болғанын естіген соң бойында қорқақтық пайда болыпты.

Тіпті үйіндегілерге «Есікті ауыстырайықшы, қараңғыда дүкенге баруға да қорқамын. Әке, мен жұмыстан кешіксем, хабарласып тұрыңызшы», - деп ескертпе де жасаған көрінеді.

Осы оқиғадан соң күдікті намазға да жығылған. Қысқа балақ киіп, сақал өсірді деген ақпаратты күдіктінің әкесі жоққа шығарды.

«Ондай ешнәрсесі жоқ. Уақытылы намазын оқып жүрді. Бізден «намаз оқыңдар» деп талап етпеді. Келіншегімен де жанжалдаспайтын. Тек осы бір көршіміз қайтыс болған соң мінез-құлқы өзгеріп, қорқақ болып қалды. Естуімше, сол бала қайтыс болғанда ауылдағы әлдекімдер оған «Соның орнына сен өлуің керек еді» деп айтыпты.
Тіпті бір екі-рет үй алдына өлімші етіп сабап әкеп тастаған екен. Жаман ортаның адамдары бізге қосылмасаң, отбасыңды бауыздап кетеміз деген әңгіме жүріпті. Оны енді естіп жатырмын ғой», - деп сөзін жалғаған Әбді Қожықов.

Қанды оқиғадан соң полицейлер әкетіп жатқанда қылмыскердің інісіне айтқан соңғы сөзі «Бұны істегенім рас. Қорқамын, тек қорқамын» болыпты.

Бір қызығы, медициналық сараптама жасағандардың қорытындысы күдіктінің әкесін аң-таң еткен.

«Балаңыз «псих» емес. Ақыл-есі сау. Есірткі де жоқ қан құрамында. Жын кіріп кеткен болу керек. Дем салдырмапсыз да», - деген ақ халаттылар.

«Оны естіген мен медицина мамандары да жын дегенге сенеді екен-ау дедім», - деп сөзін жалғастырған Әбді Қожықов Шұбарсуда есірткі бизнесі өршіп тұр деген күдігі барын жасырмады.

ОҚО-да анасы мен әйелін пышақтап өлтірген жігіттің әкесі шындықты жайып салды

Қанды оқиға орын алған ауыл. Фото: nur.kz

«Мен баламды ақтам алғым келіп отырған жоқ. Өз анасын пышақтап өлтірген адам жазасын алу керек. Тіпті оны сот жүз жылға қамап тастаса да ризамын. Ұлым мен үшін «тірі өлік» болды. Оның темір тордың ар жағынан тірі шығатынына сенбеймін. Менікі тек осы жағдайға кімдер кінәлі? Мұнда есірткінің қатысы бар деп толықтай айта аламын. Бірақ, соны ауылға кім әкеліп жатыр? Ошағын құрту керек», - деп ашынды тұрғын.

«Бұған дейін қайтыс болған көршінің ісі есірктімен қатысты болуы керек. Бірақ тергеушілер оны жылы жауып қойғысы келді.

Енді келіп менің ұлымның екі адамды өлтіруі. Кеткен адамды қайта тірілтіп алмасым анық. Тек осындай оқиға тағы қайталанбаса, мен секілді ешкім қиналмаса деймін. Мұндай жағдайды дұшпандарыма да тілемеймін. Сол үшін істі түбіне дейін жеткізу керек.

Өзге дінге кіріп кеткендіктен осылай адам өлтіріпті деген қорытындымен іс жабылып кетпесе деймін. Сіздер ақиқатын жазсаңыздар. Ал алып-қашпа әңгімелер онсыз да езіліп тұрған жүрегімді одан бетер езіп жатыр», - деп күрсінді күдіктінің әкесі.

Әңгімеге араласқан күдіктінің қарындасы да ағасының өзге дінге кіріп кетті дегеніне сенбейді.

«Ағаммен бірге өстім ғой. Анамыз ауырып қалса, қоярға жанын таппайтын. «Мама, сіз ауырмаңызшы» деп уайымға салынатын. Ешкімге зияны жоқ еді. Ашушаңдығы да жоқ. Білмеймін, неге бұндайға барғанын?», - деді қарындасы.

Айта кетерігі, күдіктінің бес жарым айлық қызын нағашылары алып кеткен. Оны күдіктінің әкесі өзі беріп жіберіпті.

«Құдаларым түсінігі мол адамдар. Жағдайды түсініп отыр. Қызымыз жоқ болса да ортадағы немере біздің құдалығымызды мың жылдық етсін. Ертең бірге өсіріп, қызығын бірге көрейік» деп отыр», - деді Әбді Қожықов.

Естеріңізге сала кетсек, қанды оқиға ақпанның 23-і күні орын алған. Жандар Қожықов қазіргі таңда келіншегі мен анасының өліміне күдікті ретінде екі айға қамауға алынды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша іс қозғалған. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Материал Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалған. Мақаланы көшіріп басуға, таратуға, өзгертуге қатаң тыйым салынады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
10
32
110
8
17
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір