Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық әнші өзін тойға шамасы жеткендердің ғана шақыратынын айтып мақтанды

Опубликовано:

Қазақ сахнасындағы жас әншілердің бірі Әбдіжаппар Әлқожа NUR.KZ сайтына арнайы сұхбат берді. Әңгіме барысында әнші мерекеде әпкесі Роза Әлқожаға тарту еткен ерекше сыйлығы мен тыңдармандарына арнайы әзірлеген бейнебаяны жайлы айтып берді.

Әбдіжаппар Әлқожа
Әбдіжаппар Әлқожа: UGC

- Әбдіжаппар, бірнеше күннен соң халықаралық әйелдер күні тойланады. Мерекеде ең алдымен кімді құттықтайсыз?

- 8 наурыз - халықаралық аналар мерекесі, өзіміз үшін де қуанышты мереке ғой. Ең бірінші анамды құттықтаймын. Содан соң, маған осындай ананы сыйға тартқан әкемді құттықтаймын. Кейін өзімнің жанашырым, туғаным Роза әпкемді құттықтаймын. Басты сыйлық беретін кісілерім солар.

- Осы уақытта дейін жақындарыңызды қандай сыйлықтармен қуанттыңыз?

- Анама көбінесе көйлек, гүл секілді өзі жақсы көретін киімдерді сыйлаймыз. Өткен жылы әпкем екеуміз бірігіп әдемі көйлек тарту еттік. Есімде ерекше қалған сыйлық - Роза әпкеме сыйлаған ТИР мылтығы. Әпкем тир атқанды ұнады. Өзінің сүйікті хоббилерінің бірі.

Әбдіжаппар Әлқожа
Әбдіжаппар Әлқожа: UGC

- Осы жылы тыңдармандарыңызға төрт бөлімнен тұратын ерекше бейнебаян дайындап жатыр екенсіз. Бейнебаянның ерекшеліктері туралы айтып беріңізші...

- Төрт бейнебаянның оқиғасы бір-бірімен ұштасатын, жалғасып жатыр. Мысалы, бір бейнебаян түсірілсе мағынасы ашылмай, бейнебаян бітіп қалады. Сол себепті, ән мен клиптегі оқиға жалғасып жататын төрт бейнебаян дайындап жатырмыз.

- Бейнебаяндағы оқиғаның тақырыбы қандай болмақ?

- Әрине, махаббат тақырыбы.

- Клиптегі оқиғаның жеке өміріңізге қатысы бар ма әлде толықтай ойдан шығарылған сценарий ма?

- Жеке өміріме жартылай қатысы бар десем болатын шығар. Сценарийін жазған өзім, қалған жерлерін режиссер толықтырды.

- Бейнебаяндағы басты рөлді ойнайтын қызды халық арасынан кастинг арқылы таңдап алдыңыздар. Неліктен кәсіби актрисалардың көмегіне жүгінбедіңіз?

- Өйткені, халыққа жақын болғым келді. Ел ішіндегі тағы бір талантты қыздың жолын ашқым келді. Сондықтан басты рөлдегі қызды халық арасынан кастинг жариялап, арнайы өзіміз таңдап алдық.

Әбдіжаппар Әлқожа
Әбдіжаппар Әлқожа: UGC

- Әртістің негізгі табыс көзі тойдан болатыны анық. Тойға асаба ретінде шығасыз ба?

- Әншіліктен бұрын асабалыққа қызыққаным рас. Бірнеше рет той басқарғанымды да жасырмаймын. Бірақ мен өз жолымды өнерден таптым. Сол себепті, енді тек әншілік қырымды дамытамын.

- Сізді өз тойына шақыру үшін қарапайым халықтың қалтасында қанша ақша болу керек?

- Оны сұхбатта айтпаймын. Халықтың жағдайы тең емес. Айына жүз мың теңге таппай жүргендер бар, керісінше, миллионнан аса ақшаны сақтап отырғандар да бар. Әркім әрқалай түсінеді. Жалпы, көпшіліктің жағдайына қараймыз. Өзінің шамасы келгендер ғана қоңырау шалады маған. Ал шамасы келмегендер өздері тойлатады. Сондықтан біреудің жүйкесіне тигім келмейді.

- Бүгінде сіз көптеген қыздардың арманына айналып үлгердіңіз. Жеке өміріңізді неге құпия ұстайсыз?

Ол жағы айтпаймын. Себебі, менің жеке өмірім ешкімді қызықтырмауы тиіс.

Материалды көшіріп басуға редакция тарапынан тыйым салынады!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1719618-otandyk-nsi-zin-tojga-samasy-zetkenderdi-gana-sakyratynyn-ajtyp-maktandy/

pixel