RU
Атырауда салмағы 25 келіге жеткен үш баланың анасы адам шошырлық халде жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Атырауда салмағы 25 келіге жеткен үш баланың анасы адам шошырлық халде жатыр

Рассказать Вконтакте

28 жастағы үш баланың анасы Зухра Ахметованың салмағы бүгінгі күні бар болғаны 25 келіні құрайды деп хабарлайды mgorod.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: mgorod.kz

Фото: mgorod.kz

Үш жыл бұрын Құрманғазы ауданына қарасты Орлы ауылының тұрғыны Зухра Ахметованың бетінде ісік пайда болған. Оны байқай сала өзінің үшінші баласына жүкті әйел бірден Астрахань қаласындағы емханаға аттанды.

Алайда дәрігерлердің баланы алдыртып тастап ісікті емдеу керек деген сөзін Зухра елемеген. Көптен күткен қызын босана сала Зухраның жағдайы одан бетер нашарлай түседі.

Жиі тала бастаған әйел бір күні аяғын жарақаттап алғаннан кейін, ісіктері көбейе бастаған. Үш жылға созылған ауру кесірінен мүлдем тамақтануды қойған үш баланың анасы жантүршігерлік жағдайға жетіпті.

Бүгінгі күні Зухра Ахметова көп қимылдай алмай, үй режимінде жүр. Оның қасында жүріп көмектесіп жүргендер – күйеуі мен балалары. Ата – анасы шалғай ауданда тұрғандықтан көп келе берулеріне мүмкіндік жоқ.

Күйеуі жұмыссыз қалып қойғаннан кейін Зухраның тиісті медициналық тексерістен өтіп, ота жасатуына қаражат тапшылығы кедергі болып тұр.

Әлеуметтік желіде жарияланған қайырымдылық қорының арқасында тек қана бір миллион теңге жиналған. Ал қажетті қаражат шамамен он миллион теңгені құрайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
4
30
0
5
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel